Ескерту! Дәрігерлер кене энцефалеті басталғандығын ескертті
Дәрігерлер қыркүйек айына дейін жалғасатын кене энцафалеті науқанының басталғандығын ескертті. Әсіресе, маусым айында кененің көп қаптайтындығын айтады дәрігерлер
Кене энцефалеті кең тарайтын негізгі үш аймақ анықталған – Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы. Бұл жайында «Казинформ» тілшілері хабарлайды.
Соңғы уақыттары кене энцефалеті Ақмола облысында да тіркеле бастаған.
Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшін 2016 жылы медициналық мекемелерге кене шаққан 11365 адам кеп қаралған, оның 10443-і (92%) профилактикалық ем-дом қабылдаған.
Кене энцефалеті адамға келесідей жолдар арқылы берілуі мүмкін:
- Кене шаққан кезде оның сілекейі арқылы адам ағзасына вирус енуі мүмкін;
- Кене қой, ешкі, сиыр малын жаппай шаққан кезде де вирус олардың сүтіне түсіп кетуі мүмкін. Мұндайда сүтті пісіріп ішкен жөн.
- Кенені мыжып өлтірген кезде не шаққан жерді қасыған кезде де адам ағзасына вирус түсіп кетуі мүмкін.
Кене энцефалетінен вакцинация арқылы не арнайы профилактикалық (қорғаныс құралдары арқылы) тәсілдер арқылы қорғануға болады.
Кене шаққан жағдайда міндетті түрде бір тәуліктің ішінде медициналық мекемеге қаралу қажет.
Следующая →