Қостанайлық жүргізуші жол жөндеушілерден 2,5 млн теңге өтемақы төлетіп алды
Қостанайлық сот шұңқырға автокөлігі түсіп кеткен азаматтың жол жөндеуші ЖШС-не қатысты берген арызын қанағаттандырып, 2,5 млн теңге өтемақы төлетуге шешім шығарған
Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, "Фольксваген Пассат" маркалы автокөлік қоршалмаған әрі белгісі қойылмаған су толы үшметрлік шұңқырға түсіп кеткен. Нәтижесінде автокөлік механикалық бүлініске ұшыраған.
Ескерту жасаушы қандай да бір белгінің болмауынан жүргізушісі уақытында автокөлігін тежеп үлгермей су толы шұңқырға түсіп кеткен, - деп көрсетілген ақпаратта.
Кейін автокөлік иесі сотқа келіп қала жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан компанияға қатысты келтірілген шығынды өтеу жөнінде талап-арыз берген.
Сот ЖШС өз жұмысына мұқият қарамады деп шешім қабылдап автокөлік иесінің арызын қанағаттандырған.