Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлия Назарбаева сақ патшайымы Тұмар ханым жайындағы жаңа тарихи кинотуындының продюсері болмақ

«Қазақфильм» киностудиясы «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесе отырып ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсыры бойынша Тұмар патшайым жайында үлкен тарихи фильмді түсіруді қолға алды

«Қазақфильм» киностудиясы «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесіп, 2017 жылғы киножобалардың ішіндегі ең ірісі саналатын сақ патшайымы жайындағы – «Тұмар» атты тарихи жобаның түсірілім жұмыстарын қолға алып, дайындық жұмыстарын бастап кеткен.

Фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева («Анаға апарар жол»). Қоюшы режиссері – Ақан Сатаев («Рэкетир», «Адасқандар», «Ликвидатор», «Жаужүрек Мың Бала», «Анаға апарар жол»).

Аталған кинотуынды б.з.д. VI ғасырдың тарихынан сыр шертеді, атап айтсақ, ұлы даланы жаулап алмақ болған Кирдің шапқыншылығына қиянкескі карсылық көрсетіп, оның жасағын жеңіліске ұшыратқан массагет тайпасының патшайымы Тұмардың ерлігі жайында баяндалады. Бұл ұрысты ежелгі грек тарихшысы Геродот «Менің ойымша, бұл ең ұлы әрі қанды шайқастардың бірі» деп суреттеген екен. Айта кететін жайт, фильмнің сценарийін жазуда «тарих атасының» еңбектері пайдаланатын болады.

– Бұл ауқымды жобаның идея авторы – Әлия Нұрсұлтанқызы. Өздеріңізге белгілі, «Анаға апарар жол» фильмінде бірлесіп табысты жұмыс жасадық. Енді міне, мен және менің түсіру тобым аса қызығушылықпен және үлкен жауапкершілікпен осы тарихи жобаға кіріскелі отырмыз. Бүгінгі күні тарихи материалдармен танысып, сценарийді жазу және талдау, жобаның өндірісін жоспарлау, түсіру тобын құру, ғалыми кеңесшілерді жобаға тарту, алдын ала түсірілім локацияларын таңдау сияқты дайындық жұмыстары жүргізілуде, – дейді режиссер Ақан Сатаев.

Сонымен қатар, режиссер жақында жалпы республикалық кастинг жарияланатынын айтты. Фильм түсірілімі басталмай тұрып, барлық актерлер атқа жайдақ мініп, қару-жарақты асынып, садақ тартып, соғыс өнерінен сауаттарын ашу үшін алдын ала дайындықтан өтетін болады.

Фильмнің түсіру жұмыстары Қазақстанның аумағында 2017 жылы қазан айында басталып, 2018 жылдың ақпан айына дейін жалғасады. Кинотуындының сценарийін жазуға Әлия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов атсалысып отыр. Айта кетсек, түсіру жұмыстарына еліміздің алдыңғы қатардағы кино мамандары қатысады, сонымен қатар, шетелдік мамандар, оның ішінде скрипт-доктор және компьютерлік графика шеберлері жұмылдырылатын болады.

Тұмар патшайым туралы баяндайтын фильм шетелдік көрермендерді де қызықтыратынын айтқан режиссер Ақан Сатаев, бұл тарихи кинотуындының тұсаукесері 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланғанын жеткізді.

Фильм туралы: Бұл ұлы тарихи оқиға екі жарым мың жыл бұрын орын алған. Фильм өз халқының бостандығы үшін күрескен, аты аңызға айналған ұлы дала қызы – Тұмар патшайымның махаббат тарихы туралы.

Бас продюсері: Әлия Назарбаева

Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев

Сценарий авторлары: Әлия Назарбаева, Тимур Жақсылықов

Қоюшы операторы: Хасан Қыдырәлиев


Следующая →