Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аягөздің мектеп мәселесі 2 жылда толық шешімін табады

Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов ШҚО БАҚ өкілдерімен кездесіп, өткен жылы атқарылған шаруалар мен биылғы өзгерістер туралы ақпарат берді

Атап айтқанда, Аягөз ауданындағы білім ордаларының жетіспеушілігі туралы белгілі. Аудан әкімі осы тұрғыда сұрақтың шешімі туралы бірқатар жоспарларымен бөлісті.


- Осыған дейін Аягөз ауданындағы бірқатар мектептер қосымша жөндеуден өткен болатын, - дейді Бақытжан Байахметов. - Биыл да бұл жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Қазіргі таңда білім ордаларында 1400 орын жетпейді. Оқушылар екі ауысыммен оқуда. Бұл сұрақты екі жыл көлемінде толықтай шешуді жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, биылға 600 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз.


Ауданның білім беру жүйесінде 41 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі, 1 өнер мектебі, 2 спорт мектептері, 1 жас техниктер станциясы, 10 бөбекжай-балабақша мекемелері, 26 мектеп жанындағы шағын орталықтар және 1 колледж бар. Барлығы 14 100 оқушы білім алуда.


Оқу орны басты сұрақтардың бірі болғанымен, осыған дейінгі ауқымды мәселелер ауыздықтанып келеді. Мысалы Тарбағатай мен Аягөз аудандарын қосатын республикалық маңызы бар жолдар жөндеуден өткен. 32 жыл жөндеу көрмеген жол тақтайдай болғалы, 2 сағаттық жол 45 минутқа ғана қысқаратын болған.

Сонымен қатар, Аягөз қаласында құрылыс материалдарын дайындау зауыты салынып басталды. Осылайша талай батырдың, ғашықтың мекені болған Аягөз ауданы гүлденіп келеді. 

Следующая →