Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Ойла" журналы шетелде де шығады

"Ойла" атты ғылыми-көпшілік журналы балаларға ғылыми-зерттеулерді жеңіл тілмен әрі түрлі-түсті суреттер арқылы оңай түсінуге көмектеседі

Балалардың қызығушылығын арттыратын әрі ақыл-ойын жетілдіре түсетін қазақ тілді баспалар бүгінгі таңда тапшы екені ақиқат. Газет-журнал сататын дүңгіршектерден "Айгөлек", "Ақжелкен", "Мөлдір бұлақ" сынды саусақпен санарлық қана журналдардың өзін іздеп табуың қиын. Ал қазақ және орыс тілінде шыққан басылым бүгінде барлық мектептерге таратылып үлгерген.

Мектеп оқушыларының түрлі сауалдарына енді "Ойла" атты журналы жауап беретін болады. Өйткені, ғылымды жеңіл әдіспен әрі қызықты етіп жеткізу ғылыми-көпшілік журналының басты мақсаты. Бұл баспа 6 және 11-сынып оқушыларына да, мұғалімдерге де арналған. Журналда өзекті әрі заманауи тақырыптағы мақалалар талқыланып, математика, химия, физика заңдары аса жеңіл тілде жазылған.

- Мектепте бала физикалық заңдарды, математикалық формаларды немесе химиялық реакцияларды бірден түсінбеуі мүмкін, оны түсіну үшін үйге қайтқан бала кітап оқуы немесе интернетке кіріп гуглдан немесе басқа да жерден іздеуіне мәжбүр болып тұрады. Мына журналда беріліп отырған суреттер, жазбалар осы баланың қызығушылығын оятады, - дейді "OYLA" ғылыми-көпшілік журналының ғылыми редакторы Алмас Оразбаев.

Журнал бүгінде 20 мың данамен айына бір рет шығады. Бағасы да қолжетімді – 1200 теңге. 

- Журналдың басты мақсаты ғылымды жетілдіру, - дейді  "OYLA" журналының баспа қызметкері Людмила Өтемұратова. - Оқушыларды инновация мен өнертапқыштыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Біз барлығын заманауи түрде жасап шығардық.

  Айта кетсек, сәуір айынан бастап аталмыш журнал Австралия мен Жаңа Зеландияда да шыға бастады.    OYLA Youth Science журналының аудиториясы төменгі курс студенттері, мектеп оқушылары мен ересектер. Қазақстандық редакция мамандарының айтуынша, басылымды Жаңа Зеландиядағы ірі мектептердің оқытушылары жоғары бағалап үлгерген. Журналды ағылшын тіліне бейімдеу үшін мақалаларды аударып қана қоймай, батыстың білім жүйесіндегі ерекшеліктерге сай жаңартуға да тура келген. Енді шетел мамандарының тәжірибесі мен ұсыныстары OYLA журналының қазақстандық нұсқасын дамыта түсу үшін қолданылатын болады.
Следующая →