Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Жұлдызай» сайысының облыстық кезеңі өтті

Облыстық драма театрында ерекше қажеттіліктері бар балалар шығармашылығына арналған «Жұлдызай - 2017» республикалық фестивалі өтті

Биыл он екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға арнаулы интернатта оқитын 200-ден астам балалар мен жасөспірімдер қатысып, вокал, аспаптық орындау, ыммен ән салу, би, бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

- Балам биыл наурыз айының басында Сограда өткен «Жұлдызай - 2017» байқауының алғашқы кезеңінде вокал номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығылап, облыстық кезеңге жолдама алды, - дейді Согра кентінің намысын арқалап келген №23 мектептің 7-сынып оқушысы Талғат Нұрланұлының анасы Тәттігүл Сәрсенбаева. - Республикалық кезеңге өтсек деп үміттеніп, толқып отырмыз. Вокалдан беретін мұғаліміне алғысымыз шексіз. Осы бір фестивальдің ұйымдастырылып жатқанына өте қуаныштымыз.

Қатысушылар сайыс екендігін естен шығармағанымен, залға лық толған көрермендерге бұл концерттік бағдарламадай сезім қалдырды. Бұл ән бұрынғы әннен өзгеше, бұл би бұрынғы биден өзгеше болды. Ал барлығын әдемі қойылымға айналдырып, ой сала білу ұйымдастырушылар мен қатысушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен әлеуеттерін аша түскендей. Алғашқы минуттардан-ақ әсерлі болғаны соншалық, жиылған жұрт бір демде, көздеріне жас ала тамашалады.

Сайыс жеңімпаздарсыз болмайтыны және бар. Алайда облыстық кезеңнен республикалық кезеңге өткен шығысқазақстандық өнерпаздар есімі тек мамыр айында белгілі болмақ. Республикалық додада даралардың дарасын, мықтылардың мықтысын фестиваль режиссері Ғалия Байбосынова, «Хабар 24» телеарнасының ыммен айту тілі бойынша аудармашысы Хасан Исраилов, «Олимпионик» әлеуметтік қорының президенті Зейнолла Ақан, «BI Жұлдызай» қордың өкілдері Азамат Оспанов, Гүлнар Қабдрахманова, «Жан әлемі group» Асан Оразалы, балалар шығармашылық мектебінің директоры Елена Машкина және белгілі эстрада әншісі Заттыбек Көпбосынов сынды азаматтардан қазылық етеді. Айта кетейік, республикалық кезең 26 мамыр мен 1 маусым аралығын қамтиды. Ондағы ерекшелік қатысушылар қазақстандық сахна саңлақтарымен жұптаса өнер көрсетпек. 

Следующая →