Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлеуметтік желіде пайда болған қайыршы қыздың суретінен кейін Қарағанды полициясы рейд өткізді

Қарағанды ІІБ ювеналды полициясының қызметкерлері әлеуметтік желіде бұғанаға байланып тұрып, қайыр тілеп тұрған баланы тапты

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш сурет жарияланғаннан кейін ювеналды полиция үш үлкен базар мен екі сауда үйі орналасқан өңірге рейд жүргізді. Рейдтің мақсаты міндетті орта білім алудан бас тартқан, бақылаусыз, құқықбұзуға бейім балаларды анықтау.

- Рейдтік іс шара кезінде Бұқар жырау даңғылының бойында жүгіріп, ата-анасының қарауынсыз өткінші адамдардан қайыр тілеп жүрген, кәмелет жасқа толмаған балалар анықталды. Балалар Полицияның орталық бөліміне жеткізілді, ең үлкені 11 жаста, екі қыз 6 және 4 жаста, ұл баланың жасы 5-те. Балалар өздерінің толық анкеталық деректері мен мекенжайларын түсіндіріп бере алмады, - дейді баспасөз-қызметінде.

Үлкен қыз 4 сәуір күні кешкі 17.00 шамасында сіңлісімен бірге Бұқар жырау даңғылының бойындағы базарда өткінші адамдардан қаражат сұрағандары туралы полиция қызметкерлеріне айтып берді.

- Мұнымен қоса, аналарының супермаркетте болғанын, өздерінің қашып кеткендеріне түсініктеме берген. Осыдан кейін кішкентай қыз жіп тауып алып, апайының байлап қойғанын сұраған. Осылайша олар жол бойында ойнап жүрген. Осы сәтте оларға еуропалық келбеттегі азамат келіп, суретке түсіру үшін түзу тұруларын сұраған. Олар бас тартқан, бірақ ер азамат оларға 50 теңге ұсынған соң, балалар келіскен, - дейді баспсөз қызметінде.

Ол жерде балалардың Теміртау қалалық кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында анықталатынын айтқан.

- Фото авторының тұлғасы анықталуда, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Следующая →