Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда зияткерлік меншік құқығына тіркелуді жеңілдетеді

ҚР Әділет министрлігінде зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша жаңа заң жобасы құрылды

Әділет министрі Марат Бекетаев хабарлағандай, мәжілісте қабылданған заң жобасының негізгі мақсаты зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіріп, сол салада тудыратын әкімшілік кедергілер нормаларын алып тастау.

Зияткерлік меншік обьектілерін тіркеу және сараптама жүргізу рәсімі ЭЫҰД көптеген елдерінде бір мекемеде «бір терезе» тәртібі арқылы жүрсе, Қазақстанда арызды қабылдау мен сараптама ұйымның мамандарымен жүреді, ал Зияткерлік меншік обьектілері құқығын тіркеу әділет министрлігінде өтеді.

Сонымен қатар, аталмыш заң жобасымен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін құқық иелеріне өтемақы алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған нормалар қарастырылған. Авторлық құқық туралы заңда авторлық шығарманы заңсыз пайдаланған жағдайда құқықбұзузышыға өтемақы төлету қарастырылған. Дәл мұндай құқық тауар иесіне көрсетілмеген.

Азаматтық кодекске тауар иесіне лауықты құқық белгілейтін толықтырулар енгізіледі. Бұл толықтырулар бойынша заң бұзушы нақты көрсетілген көлемде өтемақы төлейтін болады.

Мұнымен қоса, мамандандырылған ұйымға тауар белгісіне байланысты арыз түскені туралы жарияланым заң жобасымен ұсынылды. Нәтижесінде кез келген қызығушылық танытушы тұлға мамандандырылған ұйымға түскен тауар белгісі туралы арызбен танысып, ол тіркелгенге дейін шағым түсіре алатын болады.

Бүгінгі таңда, тауар белгісін тіркеу туралы шешім қабылданған соң барып жарияланым түседі, бұл кейін субьектілер арасындағы жанжалдарға себепші болып жатады. Сонымен қатар заң жобасымен өндірістік меншік нысандарына заңды келісімдерді тіркеу тәртібін жеңілдетуге бағытталған толықтырулар қарастырылған, яғни келісімнің шынайылығын тіркейтін көрсетілім қажет болмайды. Аталмыш түзетулер, Бекетаевтың айтуынша, әкімшілік кедергілерді алуға көмектеседі.

Следующая →