Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде жолақысы өсе ме?

24 наурыз күні Семей қаласындағы қоғамдық көлік тасымалдаушылары жаппай ереуілге шығып, жолақысын көтеруді сұрап отыр ма?

2016 жылдың соңында семейлік автотасымалдаушылар қоғамдық көліктердегі жолақысын көтеруді сұрайды. Алайда әкімдікке ұсынылған қажетті құжаттарды ұсынбайды. Осы жылдың 20 ақпанында автотасымалдаушылар жергілікті билік жол жүру тарифін көтеруге келісімдерін бермейтін болса, онда тасымалдаушылар 20 ақпаннан бастап қоғамдық көліктердің санын азайып, олар 19.00-ден кейін қозғалысты тоқтатпақ екендерін ескертеді. Мұндай жарияланымға қала әкімі Ермак Салимов шығындарды есептемей, жолақысын көтермейтінін айтады. Ал 24 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қаладағы он шақты тасымалдаушылар 18.00-ден кейін өз қозғалысын тоқтатты.

- Бұл автотасымалдаушылардың ереуілі емес. Ауа райының қолайсыздығынан техниканың тасымалы қиындады. Келесі күні таңертеңгі уақыттан автобустар өз маршруттарына қайта шықты, - деп түсіндірді Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Мейіржан Миратұлы.

Қазіргі уақытта жолақысын өсіру мәселесін жұмыс тобы қарастыруда және алдағы уақытта өз шешімдерін шығарады.

Ал әзірге Семей қаласындағы жолақысы 60 теңге тұрса, балалардың билеті 30 теңге тұрады және зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер мүлдем қарастырылмаған.

Следующая →