Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда отандық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың таныстыруы өтті

«Қазақстан Ғарыш Сапарында» қазақстандық мамандар жасаған қазақстандық ұшқышсыз ұшатын аппараттардың тұсаукесері мен көрсетілімі өтті

2017 жылғы 18 наурызда Ұлттық ғарыш орталығында (ҰҒО) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР КАӨМ) Аэроғарыш комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың 12 жылдығына арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Мерекелік бағдарламаның аясында Қазақстан мамандары жасаған қазақстандық ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (ҰҰА) тұсаукесері мен көрсетілімі өтті.

Компания басшылығы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұшқышсыз ұшатын технологиялары» атты тұсаукесер өткізді, онда жер ресурстарын басқару, геодезия, қала құрылысы, көлік, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, қала салу, энергетика, тау кенді игеру және мұнай-газ өнеркәсібінде, ұлттық қауіпсіздік және т.б. салаларда ҰҰА қолданудың технологиялық шешімдері туралы айтып берді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ («ҚҒС» ҰК» АҚ) ұжымы компанияның туған күнін Наурыз мейрамымен тұспа-тұс өткізуді дәстүрге айналдырғанын атап өткен жөн.

Наурыз мейрамының құрметіне компанияның қонақтары үшін ҰҒО бойынша экскурсия және концерттік бағдарлама дайындады.

«Биыл компанияның туған күнін біз нақты нәтижелермен және Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтау міндеттерін шешу үшін ұшқышсыз ұшатын аппараттар саласындағы алдыңғы қатарлы жүйелер мен технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетумен қарсы алуды шештік», - деп атап өтті «ҚҒС» ҰК» АҚ-тың Президенті Ерғазы Нұрғалиев.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың құрылғанына 12 жыл толу құрметіне арналған салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің басшылары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері, компанияның серіктестері, журналистер шақырылды.

 

Следующая →