Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Қазмырыш» өскемендіктерді Наурыз мерекесімен құттықтады

«Қазмырыш» ЖШС, «Forte Bank» және «Торпедо» Өскемен қаласының тұрғындарын әз Наурыз мерекесімен құттықтады

Құбылмалы көктемнің суығына қарамай, қала тұрғындары мен қонақтары Спорт сарайының маңына ағыла бастады. Үш қанат киіз үй де мұнтаздай спорт мекемесінің жанында келісім тауып тұрды.

Айта кету керек, «Қазмырыш» ЖШС ағымдағы жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты, айтулы мереке қазақтың қанындағы қарсы алу дәстүрі «шашумен» басталды.

Дүйім халық сахнада дәстүрімізді ғұрыптар түрлі ойындар ойнап, «Торпедо» алаңында қол күресі, аударыспақ және түрлі жанұялық ойындар ойнап, бағалы сыйлықтарға тәнті болды.

- Жеңіс өте ауыр болды. Әрине, араларында бұрыннан бері спортпен айналысып келген алыптар да бар екен. Есемізді бермей, үшінші орынға да қанағат тұттық, - дейді аударыспақ ойынынан жүлделі орынға ие болған  Мұрат Аргингазин. – Наурыз мерекесі құтты болсын, еліміз аман, деніміз сау болсын!

Мерекеге «Қазмырыштың» алпауыт ардагерлері келіп, ізгі тілектерімен бөлісіп, Наурызға арнайы жыр шашуларын ала келген екен.

- Наурыз мерекесі жаңашылдықтың, жақсылықтың, жақсы көңіл күй мен кемелді бейбітшілік мерекесі. Биылғы көктемнің суығына қарамастан, алаңымыз мәз-мейрам халықтың ыстығына бөленді. «Қазмырыш» ЖШС барлық қала тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі керемет мерекемен құттықтайды, - дейді «Қазмырыш» ЖШС Әкімшілік сұрақтар бойынша басқармасының әлеуметтік қолдау қызметкері Елена Водинцева. Алаңда өтіп жатқан концерттік бағдарламалар мен ойындар «Қазмырыштың» 20 жылдығына да арналып отыр. Сонымен мерекені өткізуге алаң бөліп, қолдау көрсетіп отырған «Forte Bank» және «Торпедоға» да үлкен алғыс айтамыз. 15 жыл бойы үзілмей өтіп жатқан көңілді іс-шаралар қала өмірінің айнымас бөлшегіне айналады деген үміттеміз. 

Дүбірлі ойындар мен ән-жырға толы бағдарламалар қаламыздың қақ ортасында күн көлемінде жалғасын тауып, әз Наурыз мерекесін гүлдендіре береді.
Следующая →