Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Батаменен ел көгерер» атты сайыс өтті

Дәстүрдің күнделікті өмірін көрген қарттарымыз қайда? Әрине, Жармада. Биылғы жылы Жарма ауданы өзінің мәдени өміріндегі жаңғыруынан жасымай келеді

«Алғыс күніне» адамгершіліктің үлкен алғысы ретінде, денсаулығына рахым айтса. Бұл жолы аудан тұрғындары асыл сөздің атасы «батадан» бақ сынасыпты.

10 наурыз күні Жарма аудандық Мәдениет үйінде аудандық ардагерлер ұйымының бастамасымен ақсақалдар арасында «Батаменен ел көгерер» атты аудандық сайыс ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау, бата берудің қасиеті мен қадірін дәріптеу. Сайыстың іріктеу қезеңі ауданның ауылдық округтерінде өткізіліп, жеңімпаздар қорытынды кезеңде бақ сынасты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл өнегелі шара алғашқы рет ұлттық мейрам Наурыздың қарсаңында өтуде. 

Қорытынды бойынша ақсақалдар арасында бата берудің шебері атанған Қаратөбе ауылынан келген З.Таңатаров ақсақал атанды, екінші орынға Терістаңбалы округінен келген М.Рахиянов пен Қызылағаш ауылынан келген С.Мубараков ие болды.  Үшінші орынға Әуезов кентінен келген Т.Керейбаев ақсақал мен Шар қаласынан келген Т.Айқынбеков жайғасты.

Сайыс жүлдегерлері аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Дәстүрді өшеді демейміз, бірақ ұмытылуы ғажап емес. Ондай күн туса, бабаңның бағаналы үмітін ақтамағанымыз, ұрпақты ұлықтатар ардан алыстап, безген болармыз. Жарайсыздар жарманың жамағаты!
Следующая →