Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда көктемгі аң аулауға тыйым салынды

Қазақстан аумағындағы қолданыстағы Аң аулау қағидаларына сәйкес көктемгі мезгілде аталық үйректерді, аталық шалшықшыларды, жылқышыны, саңырау құрды және құрды құс ойнақ кезінде аулауға рұқсат берілген

Бұл ретте көктемгі аң аулауға ресми түрде үйрекке рұқсат етілген лимиттер 5%-дан артық бөлінбейді, яғни аңшылық шаруашылығы субъектілеріне бұл тыйым салу бойынша айтарлықтай экономикалық шығын келмейді, деп хабарлайды Қазақстан 2050 сайты.

Көктемгі аң аулау кез келген түр қатты алаңдатушылық туғызып, ұя салу науқанын күрт бұзады. Бұл ретте ең алдымен белсенді әрі репродуктивтік жағынан бағалы аталықтар атып алынып, бұл өз кезегінде түрлердің  гендік қорын нашарлатады.

Аңшылардың (аңшылық ұйымдардың мүшелері жыл сайын өсуде, қазіргі таңда 150 000 адамнан асты) басым бөлігі табиғатқа жаңашырлықпен қарау қағидаттарын мүлдем сақтамайды ал бұрын аңшылар жабайы аң-құстардың кез келгеніне өзінің меншігіндей қарайтын, аң аулау мерзімдері мен қағидаларын қатаң сақтап, браконьерлікке жол бермейтін және басқалардың да жануарлар дүниесіне қаскөйлік жасамауын жіті қадағалайтын.

Жабайы құстардың саны азайып отырғанда браконьерлердің саны көбейіп барады. 2016 жылғы көктемгі аң аулау кезеңінде ел аумағында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 758 факті тіркелді (ҚР ӘҚБтК 382 бабы бойынша). Ал 2015 жылы заңсыз аң аулаудың 636 фактісі тіркелген болатын. Яғни  аң аулау қағидарларының бұзылуы арта түсуде.

Жабайы құстар санының азаюы көктемгі аң аулауға тыйым салу арқылы олардың көбеюіне шаралар қолдануды талап етіп отыр.

Осыған орай, Комитет ҚР БҒМ Зоология институтымен және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау  қауымдастығымен бірге республиканың барлық аумағында көктемгі аң аулау кезінде жабайы құстар аулауға тыйым салу мәселесін пысықталды. Аң аулаудың барлық жануарлар топтарына қатты алаңдатушылық тудыратынын ескере отырып, аталған ғылыми және қоғамдық ұйымдар құстардың ұя салу кезеңінде көктемгі аң аулауға тыйым салынуына қолдау білдірді. Көктемгі аң аулауға тыйым салу жабайы құстар санының өсімін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейінгі мерзімде  кәсіпшілік аң аулаудан басқа, аң аулауға тыйым салу және бір аңшыға шаққанда жабайы құс пен терісі бағалы аңның бір түрін алып қоюдың тәуліктік нормасын бес дараққа дейін шектеу бөлігінде ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығымен «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 24 шілдедегі Бұйрыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Следующая →