Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы қандай?

Биылғы мектеп түлектері мемлекеттік бітіру емтиханы ретінде қорытынды аттестаттаудан өтеді

Енді түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуден өз қалауы бойынша ғана өтеді. 
Биылғы мектеп түлектері мемлекеттік бітіру емтиханы ретінде қорытынды аттестаттаудан өтеді. Ал жоғарғы оқу орнына түскісі келетін оқушылар Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. 
Жалпы, ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі елімізге осыдан 13 жыл бұрын енгізілген. Осы уақытқа дейін 1 млн 600 мың түлек бірыңғай ұлттық сынақтан өткен.
- ҰБТ өзінің заманға лайықты миссиясын орындап келе жатыр, - дейді Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының ШҚО бойынша филиалының басшысы Бағлан Данияров. - Өркениетті елдердің барлығында бұл сынақ жүйесі қолданылады. Әзірше осы заманда бұдан озық технология әлі ойланып табылған жоқ. Бірақ, өмір бір орында тұрмайды. Соған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматын жария етті.
Жаңа форматқа сәйкес, 2017 жылдан бастап мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттациясы мен ұлттық бірыңғай тестілеу бөлек өткізіледі. Одан өзге тестілеу құрылымы мен тапсырмалары түгелдей өзгертіліп, жаңартылады. 
- Бұрын ҰБТ-ға үлкен психологиялық салмақ түсетін. Өйткені, біріншіден, ҰБТ нәтижесі бойынша орта білім беру мекемесін бітіру туралы аттестат табысталатын. Екіншіден, «Алтын белгі» мен грант  иегерлері анықталатын. Сонымен қатар, тестілеу нәтижесі жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін, - дейді Бағлан Данияров.
 

Қорытынды аттестаттау – мемлекеттік бітіру емтиханы

Қорытынды мемлекеттік аттестация мектепте төрт міндетті және бір таңдау пән бойынша жүргізіледі. Мәселен, өз ана тілі мен әдебиетінен эссе түріндегі жазбаша емтиханға (мектептің оқыту тіліне байланысты) 3 сағат (180 минут) беріледі. Оқушылар берілген үш тақырыптың біреуін таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазылуы шарт. Ал екінші алгебар және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (5 сағат, 300 минут уакыт беріледі) 5 тапсырмадан тұрады. Үшінші міндетті пән – Қазақстан тарихы бойынша билет таңдау арқылы ауызша емтихан жүргізіледі. Төртінші міндетті пән - орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен тестілеу немесе қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілінен тестілеу өтеді. Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, шетел тілі (ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі) бойынша да  тестілеу. Айта кеткен жөн, биыл таңдау пәндеріне информатика енгізілген.
- Барлық тапсырмаларды тестілеу орталығы дайындап, облыстардың білім басқармаларына жеткізеді. Ал басқарма өз кезегінде тапсырмаларды әр мектепке жібереді. Жалпы, қорытынды аттестацияны өткізу, ұйымдастыру және нәтижесін шығару шараларын жергілікті атқарушы органдар мен мектеп әкімшілігі жүзеге асырады, - ШҚО Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының басшысы.

ҰБТ тапсыру екі бөлімнен тұрады

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші бөлімінде үш міндетті пән (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы) бойынша тестілеу жүргізіледі. Ал екінші бөлімде таңдаған мамандығына сәйкес екі бейінді пәннен (математика, физика, биология, химия, география, шет тілі, тарих, Адам.Қоғам.Құқық, оқу тілі және әдебиеті) тестілеу алынады.
- Ұлттық бірыңғай тестілердің мазмұны жаңартылған, - дейді Бағлан Данияров. - Тест сұрақтары көбінесе логикалық, функционалдық сауаттылыққа бағытталған. Көптеген оқушылардың сұрақты нақты ұқпай, тек дұрыс жауабын ғана жаттап алатындығы жасырын емес. Жаңа мазмұн жаттанды білімнен кері қайтып, нақты сапалы, саналы білімге ауысу үшін жаңартылып отыр.

Айта кетейік, арнайы мониторинг нәтижесі көрсеткендей биыл 150 мыңнан астам жас түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниетті.

Следующая →