Семей қаласын көркейту жоспарланған
Семей қаласын абаттандыру және дамыту мақсатында үш жылда 8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр
Бұл туралы облыс басшысы Даниал Ахметов Семей қаласында өткізген кеңейтілген отырысында хабарлады. Қаланы дамытуға арналған 2017-2019 жылдарға арналған жоспарда қалалықтардың демалыс орындарын көркейту, жолдарды жөндеу және көшелерді абаттандыру кіреді.
Биыл Ертіс жағалауын, Ленин көшесін, Әуезов атындағы бекеталды алаңды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл тұрғындардың демалып, қыдыруларына қолайлы жағдай жасайды. Әр ауданға сәкілер, көше шамдарын, қоқыс жәшіктері мен спорттық және балалар алаңдарын орнатады. Сонымен қатар, 18 спорттық алаң мен қаладағы 25 аялдама тұрақтары жөнделеді.
Жыл сайын жолдарды жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлініп отырмақ. Бұл 3 жылда жалпы аумағы 75 шақырымды құрайтын 48 көшенің жолдарын қалыпқа келтіруге көмектеспек.
2017 жылы Дальняя көшесін жөндеп, қаланың орталық, яғни, Шәкәрім даңғылы, Абай, Жұмабаев, Чайжунусов, Дулатов, Интернациональная, Момышұлы, Шмидт көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Қабанбай батыр және Найбанбаев көшелеріндегі жауында су сіңіретін канализациялар қалыпқа келтіріледі.
Жалпы 2017-2019 жылдары Семей қаласында жол қатынастары мен тұрғын үй коммуналды шаруашылығына қатысты жалпы көлемі 42,3 млрд теңгені құрайтын 24 ірі жоба іске асырылады.
Следующая →

Тақырыптар:
Семей қаласын көркейту жоспарланған