Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жағажайлар жайлы болмақ

Биыл Алакөл жағажайында демалушыларға жағдай жасамаған кәсіпкерлер жұмыстарын тоқтататын болады

Облыс басшысы Даниал Ахметов демалушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артпай, ешбір кәсіпкерге қажетті рұқсат қағазын бермейтінін айтты.

- Былтыр Алакөлдегі 140 кәсіпкердің қонақүйлерінің 90 пайызы демалушыларды қабылдауға дайын болмай тұра жұмыс істеді. Биыл ешбір кәсіпкер өткен жылғы олқылықтарды жоймай, рұқсат алмайды, - деп дөп басты ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Расымен, былтыр Алакөл көлінде жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде қонақүйлердің ауласы абаттандырылмаған, тамақтану жағдайы тым нашар, санитарлық нормалардың сақталмауы, өрт сөндіру қауіпсіздігінің лайықты еместігі және тағы басқа көптеген олқылықтар анықталған болатын. Дегенмен, биыл бірде-бір кәсіпкер демалушыларға қажетті жағдай жасамаса, жұмыс істеуге рұқсат ала алмайды.

- Иә, біз барлық кәсіпкерлермен биыл Алакөлде 550 млн теңгеге абаттандыру жүргізіледі деген меморандумға қол қойдық. Бірақ бұл жолдарға қатысты. Біз бір бағыттан, кәсіпкерлер екінші бағыттан жолдарды жөндеуі керек, - деді Даниал Кенжетайұлы. - Бұл ескертпелер Сібе көлдеріне де қатысты. Жолдары жөнделген, жағажайға еш қиындықсыз жетуге болады. Қажетті қаражаттар бөлінді. Сондықтан биыл Сібенің үшінші көлдерінде демалушыларға қолайлы жағдай жасалуы керек.

Сонымен қатар, биыл тұрғындардың демалысын жайлы ету үшін бюджеттен 700 млн теңге Алакөл және Сібе көлдерін абаттандыру үшін бөлініп отыр.


Ерке Биғазина


Следующая →