Зайсан ауданында малдар бруцеллезге шалдығып жатыр
Былтырдан бері Зайсан ауданының Шілікті ауылындағы 500-ге жуық ірі қара малдан бруцеллез індеті табылған
Жергілікті ветеринарлар әр 15 күн сайын малдардан сынама алып отыр. Халық бұл сынама жүргізілгенге дейін сау тұрған малдары аяқ асты індетке шалдыққандығы анықталатынына күмәнмен қарап отыр. Өйткені осыдан кейін сырттан келген мал сатып алушылар қарасы көбейген. Олардың малды 50-60 мыңнан бағалайтыны халық наразылығын тудырған.
- 16 желтоқсаннан бастап округке қарасты Шілікті, Тасбастау, Жалши, Кәкенталды ауылдарында шектеу жарияланған, - дейді Шілікті ауылдық округінің әкімі Құрмет Сағиев. – Жалпы былтырдан бері сорапқа шалдыққан мал саны 500-ге жетіп қалды. Қазір сорап анықталған малды уақытылы оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Яғни, індетке шалдыққан мал тірі жүрмеуі керек. Сол себепті де тұрғындар ірі қараны сойып, етін өзі пайдаланса да, сатса да өз еркінде, біз тек малды оқшаулауын қадағалаймыз.
Округ әкімінің айтуынша, қазіргі таңда ветеринарлармен емдеу-егу шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп отыр. Ал тұрғындардың жргілікті билік бруцеллезді сылтауратып малды арзанға алу үшін ауызжаласып жасалған әрекет пе деген күдіктің дұрыс еместігін алға тартады.
- Бұндай әрекетке кім барады? Халықтың бұл пікірі дұрыс емес. Жалғыз бізде емес, Зайсан ауданындағы тағы бір-екі округте де сорапқа қарсы шектеу жарияланып отыр. Мал болғандықтан сорап індетінің ушығуына түрлі себептер әсер етеді ғой. Бұл туралы халыққа да жиналыстарда түсіндіріліп келеді, - дейді Құрмет Маушанұлы.
Следующая →