Өскемен
пасмурно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
451.27
489.13
¥
62.69
4.87
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Мамандығым мақтанышым» сайысы өтті

17 – ақпан күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 «Рахат» балабақша - бөбекжайында»  «Мамандығым мақтанышым» атты жас мамандар сайысы өтті

Сайысты балабақша директоры Капезова Сара Баймухановна өзінің алғыс сөзімен ашты.

Байқауға қатысқан жас мамандардың біліктілігі мен білімділігін «Ертан» балабақшасының директоры  Айгуль Беккелдиева,  «Алтын Дән» балабақшасының директоры  Алина Смагулова, «Айгөлек» балабақшасының директоры Дина Раимбаева, «Нұршуақ» балабақшасының директоры Венера Аубакирова сынды тәжірибелі басшылардан құралған әділ қазылар алқасы анықтады.

 Сайыс төрт кезеңнен тұрды. 1. «Өзімнің өмірдерегім» (таныстыру), 2. Жағдаяттар қоржыны, 3. Қыз еркем кестесімен көркем (қолөнер сайысы), 4. «Өнердің өрі- таланттың төрі».

Сайысқа 5 жас маман қатысты: Ержанова Аяулым Ержанқызы, Қажыбекова Гүлнұр Мейірқызы, Сармулдинова Іңкәр Серікқызы, Жұмабекова Перизат Амангелдіқызы, Нұрлыбекқызы Ұлпан.

Бірінші кезеңде Қажыбекова Гүлнұр Мейірқызы өзінің болашаққа деген көзқарасымен көрермендерді қызықтырып, келешектегі балабақша үлгісін ұсынды. Екінші кезеңде, яғни, «жағдаяттар қоржыны» кезеңінде Нұрлыбекқызы Ұлпанның жауабы көрермендерді қанағаттандырды. Үшінші айналымда, Ержанова Аяулым Ержанқызының балабақшаға өзінің 3 түрлі сандығын сыйға тартты. Сандықты қазыл, сары түспен әдемілеп, қазақтың ұлттың «Гүл», «Құсқанат», «Мүйіз» оюымен әсемдеп, таныстырып өтті. Төртінші «Өнердің өрі - таланттың төрі» (өнер сайысында) кезеңінде  Жұмабекова Перизат Амангелдіқызы «Ана» тақырыбында монологымен көрермендерді таң қалдырса, Сармулдинова Іңкәр Серікқызы үнді елінің биі «Индия биімен» барлығына ғажап бір әсер сыйлады.

Әрбір кезеңнен кейін балабақша ұжымының ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» тобының тәрбиешісі Раимбекова Арайлым Амангелдіқызың әнімен, хореограф Нұрлан Қайнар бастаған биші қыздармен бірлесе «Испан» биін, музыка жетекшілері Ткежанова Алия Есимханқызы мен Бабаханова Ардақтың ансамбльді сүйемелдеуімен «Бәйтерек» тобының тәрбиешісі Ошакбаева Саида Базарбекқызының «Қазақы дастарханым» әнін орындады.

Кеш соңында барлық балабақша ұжымының «Ұстазым» атты хорымен көрермендердің қошеметіне ие болды.

Әділ қазылардың шешімі бойынша Жұмабекова Перизат Амангелдіқызы топты оза шығып «Бас жүлдені» иеленсе, Нұрлыбекқызы Ұлпан «Көрермен көзайымы», Ержанова Аяулым Ержанқызы «Ізденімпаз», Сармулдинова Іңкәр Серікқызы «Ең өнерлі», Қажибекова Гүлнұр Мейірқызы «Ізденімпаз» номинацияларымен марапатталды.

Следующая →