Сандық күнделіктер тегін болады
Сандық мектеп күнделігі бар «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық білім жүйесінде тегін болып табылатын базалық қызметтер ғана болады
- Білім және ғылым министрлігі, ата-аналар мен балалар, мектеп мен мұғалімге қажетті баға, үй тапсырмасы, сабақ жоспары, сабаққа қатысу туралы мәліметтер сынды базалық қызметтер енді тегін беріледі. Жүйе жасаушылары бұл базалық қызметтерге қосымша ұсынған болатын. Мәселен, өз балаңды елдегі немесе әлемдегі балалармен салыстыру. Бірақ бұл ұсыныс дау тудырғаннан кейін, тыйым салдық, - деген болатын ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Министрдің келтірген ақпаратына сүйенсек, электронды күнделік жүйесі өткен жылы 4 мың мектепке енгізілді. Бұл дегеніміз елдегі барлық мектептердің жартысы. Сонымен қатар, елдегі ұстаздардың жартысынан астамы, 1,3 млн оқушы және 747 мың ата-ана аталмыш күнделікті қолданады.
Айта кетейік, жоба жекеменшік компаниянікі, яғни, мемлекет бұл үшін қаржы бөліп отырған жоқ.
- Көбі бізден неліктен «Күнделік» деп сұрап жатады, - деп атап өтті министр. Біріншіден, олар бізге алғаш тегін қызмет ұсынды. Яғни, мемлекет, ата-ана, балалар еш шығынданбайды. Егер осы қызмет үшін қаржы іздеуді бастасақ, жобаны жасауды бастап, оны енгізу қаншама уақытты қажет етеді.