Балабақша кезегі бірегей болмақ
Қазақстанда балаларды балабақшаға қабылдау үшін бірегей республикалық кезекке тіркейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі мәлімдеді
- Балабақшаларда кезектілік тәртібін енгізу керек те, жемқорлықты жою керек. Ол үшін республикадағы барлы балабақша кезегін бір республикалық тізімге біріктіруді көздеп отырмыз. Мектепке дейінгі мекемеге жолдаманы сандық үкімет деңгейіне дейін автоматтандыру керек, - деді Ерлан Сағадиев мәжілістегі үкіметтік сағатта.
Қазір облыстар мен қалаларда балабақша кезегімен әкімдер айналысады. Министрдің айтуынша алға қойған мақсат оңай емес, дедегенмен орындау жырты, бір жылдың айналасында жүзеге асады.
- Астана, Қарағанды, Алматы және Қарағанды қаласы әкімдіктеріне пилоттық жобалар енгізіледі. Біз жұмысшы тобын құрдық. Ол топ төрт жобаның ішінен қайсысы республикалық деңгейде қолдануға болатындығын сараптап шығарады, - деген болатын министр.