Наурызды тойлау кейінге қалдырылуы мүмкін
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов наурыз айында көп аудандарда күн әлі суық болғандықтан, Наурызды сәуір айында тойлауды ұсынды
- Өткен жылы зиялы қауыммен кездесу барысында мен Наурызды сәуірде тойлау туралы ұсыныс білдірдім. Өйткені біздің өңірде ол кезде әлі қыстың суығы сақталып тұрады, - деді Болат Бақауов. – Мен сәуір туғанда ай соңына дейін бір орынды таңдап, мерекені бірге атап өтеміз.
Әкім бұның тек ұсыныс екенін атап өтті. Тек халықтың қалай қабылдайтындығын байқау үшін осылай дегенін айтты.