Көк тайғақ - жүргізушіге сын...
Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Сайран Ибраевтың баяндамасына сенсек Өскемен қаласындағы әкімшілік тәртіп бұзушылықтың көбі жол жүру ережесімен байланысты
- 2016 жыл көлемінде барлығы – 13303 іс қаралды, - дейді Сайран Ибраев. - Кішігірім Өскемен қаласының өзінде қаралған істің саны кей қалалардан екі есе, кей облыстан бір жарым есеге артқан.
Сот төрағасының айтуынша кеөлікті есерткіге, алкогольге мас күйінде басқарғандар бойынша - 954 іс қаралса, адам денсаулығына, мүлкіне және көлігіне зиян келтіруге алып келген - 3773 іс қаралған.
- Азаматтар көп жағдайда басып озу, қарсы жолаққа шығып кету арқылы тәртіпті жиі бұзады. Бұл жыл сайын айтылады, - дейді Сайран Муфлинұлы. - Осыған байланысты былтырғы жылы 477 адам жүргізуші куәлігінен айрылды.
Биылғы құбылмалы қыс жүзгізушілерді тәуір әбігерге салды. Қар мен жаңбырдың былығы, температураның өсіп-түсуі жолдағы дөңгелек іздерін тереңдете берген. Сот төрағасы биылғы көптеген апаттардың тайғаққа да байланысты болғанын айтып өтті.
- Жолдағы дөңгелек іздері заңмен қарастырылмаған, - дейді Сайран Ибраев. - Бұл тікелей жүргізушінің тәжірибелілігіне сын болады. Дөңгелек ізінен шығып кету жылдамдықты асыра пайдаланғандықтан, оны төмендетпегендіктен орын алады. Сондықтан табиғи құбылыс пен тәжірибе аясын заңды тұрғысынан араластыруға болмайды.
Отырыс барысында әкімшілік сотының төрағасы Сайран Ибраев «Шаңырақ» медиация орталығына алғыс хат табыс етіп, тек 1059 іс болса, алдарынан екі мың адам өтіп, сот санкциясына жетпей табыстырған үлесін атап айтты.
Айдос Мырзахметов