Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облысымыздағы электр компаниялары сатылды

«Шығыс Қазақстан АЭК» акционерлік қоғамы мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС акциялары 100% жеке қолдарға өтеді

«Самұрық-Энерго» АҚ «ШҚ АЭК» АҚ-ның 100% акциясын (оның құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар) сату бойынша ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтады.
- Сауда-саттық табысты өтті, конкурстық өтінімдердің жеңген баға ұсыныстары бастапқы жарияланған құннан асып кетті, - деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Мақсұтов.
«ШҚ АЭК» АҚ мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС акцияларын қай компания сатып алғаны әзірге белгісіз. 
- Қазіргі уақытта жеңімпаз компаниямен келісімшарттар жасалуда. Ол шамамен 1-2 аптадай уақытта алады. Тек келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, біз жеңімпаздардың кім екенін айта аламыз, - деді  «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз хатшысы Марат Мұхамедсалиев. 
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш мекемелер саудаға ұсынылған кезде ШҚО Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінде бұл өңірдегі электр энергиясының тарифіне еш әсер етпейтінін айтқан болатын. 

Ақерке Ақылбекқызы

Следующая →