Қазақстан қарулы күштері тағы бір АҚШ-тың Huey II тікүшағын алды
Қазақстандағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы республиканың қорғаныс министрлігіне Huey II тікұшағын табыс етті
7 млн долларлық техника жұма күні Ақш елшісі Джордж Крол, АҚШ бас консулы Марк Муди, АҚШ әскери атташесі полковник Рон Хоган мен Қазақстан Қорғаныс министрінің қатысуымен өткен Алматы салтанатында табыс етілді, деп хабарлайды Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы.
Бұл АҚШ халықаралық әскери көмек бағдарламасы аясында Қазақстанға табыс етілген төртінші тікұшақ. Аталмыш жоба АҚШ пен Қазақстан қорғаныс министрлігімен жүзеге асырылды.
АҚШ ұшу құралының сыртқы қабатын тарту етіп, оны екінші деңгейге көтеруге қаржылай көмек берді. Аталмыш тікұшақтың жаңа нұсқасы әлдеқайда қуатты, ол жаңа әуе электроникасымен және апаттық құтқару құралдарымен жабдықталған.
Тікұшақ халықаралық дайындықта, медициналық жеткізу және қорғаныс миссияларында пайдаланылады.
Біз қорғаныс сұрақтары бойынша Қазақстанмен ынтымағымызды мақтан тұтамыз. Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздік сұрақтары бойынша маңызды серіктестігімізге айналды. Жаңа тікұшақ Қазақстанның Қарулы күштеріне қауіпсіздігін күшейтіп, дайындық өткізу әлеуетін жоғарылатады, - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол.