Өскеменде имамдар бас қосуы өтті
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты барлық сатылы имамдарының кеңейтілген жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті
Аудан, ауыл имамдарының жиналысына өткен жылдың аяғында ғана Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Бейбіт Әшімов имамдармен танысуға келді.
Жиналыста ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы ҚМДБ-дан берілген тапсырмаларды имамдарға таныстырды. Сонымен қатар ағымдағы жылда атқарылатын басты істерге тоқталды.
«Осы жылы алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз. Имамдық қызмет аса жауапкершілікті, бастамашылдықты қажет етеді. Әрбір имам өз міндетін жете түсініп, халық игілігі үшін аянбай еңбек етуі тиіс. Барлығымыз бірлесе отырып, мешіт жанына медресе салу, аудан мешіттерінің жанынан баспана тұрғызу қатарлы шараларды атқарып шығамыз деп сенем. Сонымен бірге Халифа Алтай ғұламаның 100 жылдық мерейтойын да айтарлықтай деңгейде белгілеп өткізуді жоспарлап отырмыз» дей келе, өңірдегі ағымдық шаралардың атқарылуына талдау жасады.
Бұдан соң облыстық Дін істері басқармасының басшысы Б.Әшімов мырзаны имамдарға таныстырды. Басқарма басшысы сөз алып өңірдегі діни ахуал жайлы баяндап, кейбір шаралар туралы имамдарымен пікір алмасты. Мешіттердің тіркеуі, ЖАНТ жұмыстары қатарлы мәселелер сөз болды.
Дін істері басқармасының басшысы имамдармен тығыз байланыста жұмыстайтындығын айтып, өкілдіктің үлкен бастамаларын облыс басшысының қолдап отырғандығын жеткізді.
Өңір имамдары жаңа жылда тың бетбұрыспен, жаңаша бастамалармен қызмет атқаруға уағдаласып тарқасты.
ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Следующая →

Тақырыптар:
Өскеменде имамдар бас қосуы өтті