Өскемен
Бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    +3°
  • Риддер
    -5°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Ақтау
    +11°
  • Атырау
    +11°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
  • Петропавловск
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
  • Шымкент
    +5°
$
491.68
+2.29
568.23
+0.24
¥
71.57
+0.29
6.2
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық ВВС Ми-35М ресейлік ұшақтарын алды

Төрт көпбағдарлы Ми-35М ұшақтары Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің қатарына қосылды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / ВВС Казахстана получили партию российских вертолетов Ми-35М
Фото:
mod.gov.kz
Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған. 

Төрт көп мақсатты соққу беруші Ми-35М тікұшағы алғаш рет Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қару-жарақ қатарына қосылып, еліміздің оңтүстігіндегі тұрақты мекеніне жеткізілді. 

Әкелінген тікұшақтар легін пайдалану еліміздегі Әскери-әуе күштерінің ұрыс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштар құрамы қайта оқудан өтіп, авиацияға әкелінген жаңа техниканы ұшуда сынап көруге дайын. 

Аталған Ми-35М тікұшағының биік ұшу-техникалық сипаттамасы бар, ол жоғары температура жағдайларында мен биік таулардан ұшудан қолдануда жақсы нәтиже береді. Бұл тікұшақ жай және қолайсыз ауа-райында басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты ұрыста тәулік бойы қолдануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ көздеген мақсатына күндіз 10-25 метр биіктікте ұшуды, ал түнде кемінде 50 метр биіктікте ұшуды орындай алады. 

Ми-35М тікұшағының навигациясы мен электронды индикациясының заманауи кешенмен жабдықталуы осындай тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, ұрыс машинасының шабуылдан қорғану кешені мен қосымша опциялары бар. Ми-35М тағы да бір артықшылығы оның құрылысының жетіктігінде, яғни тікұшақ акустикалық белгілерін төмендетіп, ұрысқа шыдамдылығын арттырады, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудегі қиындықтарды төмендете алады. 

Негізгі соққы беретін қызметтерінен өзге, Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, медициналық қызметкерлермен қоса сырқаттар мен жаралыларды алып жүру үшін пайдаланылады. 

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен Рособоронэкспорт кәсіпорнының арасындағы шарт аясында тікұшақтарды жеткізу жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.

Следующая →