Студенттер тіркеуге қайда тұрады?
Елімізде тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге тұру науқаны жүріп жатқаны белгілі. Осыған орай Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да да студенттерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі таңда университетте 5 мыңға жуық студент білім алуда. Олардың көбісі облыстың аудандарынан және басқа да қалаларынан келгендер.
- Егер тіркеуге тұрмағандар болса, жедел түрде тіркеуге тұрғызу қажет, - дейді университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Жаксыкелды Назбиев. -Тұрғылықты жері бойынша заңсыздықтар фактісі болса, заң жүзінде қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Туыстарының үйінде немесе жалдамалы пәтерде тұратын студенттер де бар. Олар ХҚК орталығынан өз деканаттарына тұрғылықты жері бойынша анықтама әкеледі. Бізге студенттер қандай да бір субъективті себептер бойынша заңсыздыққа барып, әкімшілік жауапқа тартылмағаны қажет.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жатақханаларда тексерістер жүргізілуде.