Назарбаев Универсиада-2017 алауының эстафетасына бастама берді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Алматы қаласында өтетін 28-ші Әлемдік қысқы Универсиада алауының эстафетасына бастама берді
Әлемдік жастардың мұндай деңгейін Қазақстан бұрын соңды өткізген жоқ, кез-келген мемлекет мұны көтере бермейді, бірақ таңдау Қазақстанға түсті және намысты түрде дайыдалып өткізетінімізге сенімдімін, - деді Назарбаев алауды жағу салтанатына қатыса тұрып.
Президент жарысқа қатысатын қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі.
- Сендерге жоғары жетістік тілеймін. Араларыңнан ел мақтанатын бүкіл әлемге әйгілі спортшылар шығады. Сендерге сәттілік пен жеңіс тілеймін, - деп спортшыларға жол бастап берді.
Мемлекет басшысы Универсиаданың Қазақстанда өтуі жастардың арасындағы спортқа деген қызығушылықты өсіретінін айтып өтті.
Универсиаданы өткізуіміз жастарды спортқа бағыттайды. Екіншіден, салынған спорт нысандары болашақ спортшыларымызға қызмет етеді. Және үшіншіден елімізді бүкіл әлемге паш етеміз. Мұнымен қоса сіздерге зор денсаулық, сәттілік тілеймін, - деп сөзін аяқтады Н. Назарбаев.
Астанада 28-ші Әлемдік қысқы Универсиада-2017 алауының эстафетасы аясында 16 шырағы жағылды. Алау эстафетасын бірінші болып астананың 60 жетекшісі қабыл алады. Бұдан кейін алаудың ел төңірегінен жиналған 1000 спортшы алып жүреді. 28-шә қысқы Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан арасында Алматы қаласында өтеді. 12 спорт түрінен әлемнің 57 елінен келген 2 мыңға жуық спортшы қатысса, 30 мың шетелдік қонақтар мен туристер келеді деп болжануда.