Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Ақ ниет» интернатының бүгінгі тынысы қандай?

Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тұңғыш интернат Өскемен қаласында ашылған болатын

Инклюзивті білім беру мақсатында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап ашылған «Ақ ниет» мектебінің жұмысы қалай жүріп жатыр? Балалар жаңа мекеменің тыныс-тіршілігіне қалай бейімделді?

Осыдан тура бір ай бұрын ашылған интернат облыстың әр ауданындағы балаларды жинап, оларға №15 және 16 мектептер мен колледждерде өз қатарластарымен бірге білім алу мүмкіндігін ұсынды. Жалпы интернат есту, көру, сөйлеу және қимыл-тірек қозғалысында ақау бар 100 балаға арналған. Ал қазіргі таңда мекемеде 31 бала білім және коррекциялық ем алуда. Олардың көбі өз шаңырағынан алғаш рет алыстап отыр. Дегенмен, балалардың барлығы да бұл ұяға тез бейімделіп алған. Оны шаттық пен үмітке толы балалардың жанарынан жазбай тануға болады.

- Интернат заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Медициналық қызметкерлер педагогтерге жекелей және дифференциялық көмек көрсетуге жәрдемдесіп, кеңестер береді. Сонымен қатар мейірбикелер тәулік бойы кезекшілік атқарады, - дейді «Ақ ниет» интернатының директоры Светлана Кривицкая.

Ғимаратта арнайы жеделсаты да қарастырылған, сонымен қатар әр қабат тірек тұтқаларымен жабдықталған. Балаларға ыңғайлы болу үшін барлық жағдай егжей-тегжейлі ойластырылған. Интернаттағы ең кішкене тұрғыны Нұрасыл сегіз жаста.

Ол арнайы жүріс арбасымен қозғалады, бірақ оған ештеңе кедергі келтірмейтіндіктен дәлізде емін-еркін жүретіндігін айтады.

- Ата-анамды сағынамын, әрине, - дейді 1-сынып оқушысы Нұрасыл. – Бірақ интернат маған ұнайды. Әсіресе, асханасы жақсы. Сонымен қатар бұл жерден көп дос таптым. Көп уақытымды локопед кабинетінде өткізгенді ұнатамын, математика пәнін де сүйіп оқимын. Ер жеткенде инженер болуды армандаймын. Өйткені инженерлер кішкентай заттан үлкен дүниелер ойлап табады.

Айта кетейік, интернаттағы тәрбиеленушілердің ең үлкені семейләк Владислав Лохнов та өзінің болашағын инженер мамандығымен байланыстырады екен.

- Көп уақытымды мультимедиялық кабинетте өткіземін. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс барысында түрлі қиындықтар кездескенімен, барлығын тиянақты меңгеріп кетуге тырысамын. Осындағы мамандарға, интернаттағы әр баладан махаббатын аямайтын директорға да алғысым шексіз, - дейді 16 жасар Владислав.

Владислав облыс басшысы Даниал Кенжетайұлының «Ақ ниет» интернатына арнайы автобус беремін деген уәдесін де еске алып, үмітін жасырмады.

Интернатта тифло және суропедагогтер кабинетімен қатар, дефектолог және психолог мамандарының кабинеті бар. Балалар арнайы жаттығу кабинетінде

инструктордың көмегімен ем қабылдайды. Интернат директоры Светлана Кривицкаяның айтуынша, «Ақ ниет» интернатының барлық мамандары ерекше қажеттіліктері бар балалар өздерінің ертеңгі күндеріне мол сеніммен қарап, алға ұмтылуы үшін барлық жағдайды жасайды.

Назерке Кәрімова
Следующая →