Облыс әкімі дәрігерлердің біліктіліктерін сынға алды
Қазіргі таңда көптеген аурухана мекемелері жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған
Бірақ бұл облысымыздағы бала өлімінің санын айтарлықтай кемітіп тұрған жоқ. Облыс әкімі де осы сұрақ төңірегінде «Ана мен бала орталығында» болып қайтты.
Атап өту керек, былтырғы жылы 12 дәрігер жарты жыл бойы Англия еліне біліктілігін арттыруға кеткен болатын. Олардың ішінде ШҚО Ана мен бала орталығынан 6 адам, Семей қаласы перинаталды орталығынан 6 адам оқуға аттанған. Облыс басшысының айтуынша дәрігерлердің бұл сапары өңірдегі денсаулық саласын дамытудағы бірінші қадам.
- Англиядағы курстан өткен дәрігерлер жүйелі түрде әріптестерін де оқытатын болады. Келесі үш жылдық бағдарлама бойынша 150 дәрігер біліктілігін шетелде өсіретін болады. Әрине, бұл үлкен қаражатты талап етеді. Бірақ барлық кеткен шығынды ақтайтын болады. Жылына 50 дәрігерден шетелде білімдерін арттыратын болады, - деді Даниал Ахметов.
Өңір басшысы біліктіліктерін арттырып қайтқан дәрігерлермен жеке кездесіп, Қазақстан мен өзге елдегі білім және техника деңгейіне салыстырмалы баға берді.
- Технология бізде жеткілікті. Тіпті шетелден кем түмпейміз. Бірақ нәтиже әртүрлі. Бәл мәселе денсаулықсақтау саласындағы білімнің деңгейін ашық көрсетеді, - деді өңір басшысы.
Өзге елдердің тәжірибесін көріп қайтқан дәрігерлер де қазақстандық медицина саласындағы кадрлық мәселелердің төмендігін байқағандарын атап өтті. Сонымен қатар, олар біліктілікті күн сайын арттырып отыратын көрінеді. Облыс әкімі үшжылдық бағдарлама бойынша білім алатын дәрігерлер өңіріміздің медицина саласын болашақта әлдеқайда алдыға жылжытатынына сенім білдірді.
Айдос Мырзахметов