Маңғыстау облысында мұнай компаниясының жүздеген жұмысшылары аштық жариялады
Маңғыстау облысында "Oil Construction Company" мұнай қызметі компаниясының жұмысшылары Қазақстанның тәуелсіз кәсіби одағының конфедерациясының қызметін қайта жандандыруды талап етіп отыр
Кеше, бейсенбі күні әкімдік хабарлағандай аштықты 200-ге жуық қызметкер жариялап отыр.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 18 қаңтар күні аймақ басшысы Алик Айдарбаев және облыс прокуроры Дастан Сартаев наразылық тобымен кездесті.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысыгың әкімдігі наразылық білдірушілерге лайықты медициналық көмек көрсетілу үшін дәрігерлердің тәуліктің кезекшілігін ұйымдастырды.
«Интерфакс – Қазақстан» агенттігінің тілшісі акцияға қатысушылармен тілдесіп, олар аштықты 5 қаңтарда бастағанын анықтады. Бүгінгі таңда 300 қызметкер ОСС офисінде аш отыр. Оларды Жетібай және Қаламқас қазба орындағы жұмысшылар да қолдап отыр. Аштық жариялаушылар өздерінің жағдайына қарамастан жұмыс істеулерін жалғастыруда.
- Біздің талабымыз біреу ғана сот ҚР тәуелсіз кәсіби одағының конфедерациясын жабу туралы шешімінен айныту. Болды. Басқа ешнәрсе керек емес. Ұйым ары қарай жұмысын жалғастырсын. Бізге ақша да, түк керек емес. Біз демократиялық мемлекетпіз, демократиялық мемлекетте тәуелсіз кәсіби одақ болу керек. Соттың бұл шешімі біздің жұмысшылардың құқығы бұзылып отыр, - деді аштық жариялаушылардың бірі.