Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Анаңның разылығы

 Ата-ананың разылығы туралы хадис

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» дейді қазақ даналығы. Қазақ халқының мақал-мәтелдері ойланатын адамға ой мәйегі бола алады, ал ойланбайтын адамға құр сөздің тізбегі болуы да ғажап емес. Әсте, бұл мақалдарды жамандау емес, адам ақылының таяздығы мен тереңдігіне салыстырмалы кейіп келтіру болсын деп қабылдаңыз. Осыған орай ислам дініміздің діңгегі болған хадистер мен қазақ мақалдарының ортасындағы даналықты, тәрбиелік мәні бар ортақ буынды тауып жазған абзал болар. Міне, ата-ананың разылығы туралы келесі хадис баян етеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)-ның заманында әрқашан жанынан табылатын Алқама атты серіктесі болған көрінеді. Намазға әрдайым ұқыпты қарап, оразаны тұтып, қайырымдылыққа келгенде де кедей-кепшікке қолындағы барын беріп жіберетін жан болған.

Бір күні Алқама соғыста ауыр жарақаттанып, жағдайы күрт өзгереді. Оның әйелі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына келіп: «Ей, Аллаһтың Елшісі, менің күйеуім Алқама өте ауыр халде жатыр, мұның ақыры қандай болар екен? Кеңес беріңіз», - дейді.

Мұны естіген Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әли, Омар, Біләл сахабаларды Алқамадан хабар алуға жібереді. Бұлар ажал аузында жатқан Алқаманың тілі кәлимаға келмес ауыр күйде жатқанын көрген. Аллах Елшісі көргенін баяндаған Біләлдің сөзіне таң қалады.

- Алқаманың ата-анасы тірі ме? - деді Пайғамбарымыз (с.а.у.).

- Иә, бір қарт анасы бар еді.

- Әй, Біләл, Алқаманың анасының алдына бар, келе алса, келсін. Келе алмаса, мен өзім барамын, - деді Пайғамбарымыз (с.а.у.).

Біләл Алқаманың анасының алдына барып Аллах Елшісінің сөзін жеткізеді. Анасы: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) шақырған болса, мен өзім барамын», - деп, қолына таяғын ұстап өзі келді.

- Әй, анажан, ұлыңыз Алқама қандай жігіт, қандай адам еді? - деді Пайғамбарымыз (с.а.у.)

-Ей, Алланың Елшісі, балам соғысқа қатысқан, сізге белгілі, намазды уақытында оқиды, ораза тұтады. Балам Алқама сондай жақсы мүміндерден.

- Сізге мәмілесі қандай еді? - деді Пайғамбарымыз (с.а.у.).

- Ей, Алланың Елшісі мен ұлыма разы емеспін.

- Сізге не жамандық істеген еді ұлыңыз?

- Ей, Алланың Елшісі! Ұлымды әкесіз бір өзім еңбек етіп өсірдім. Жетімдігін сездірмедім. Үйлендірдім, үйлі-жайлы қылдым, бірақ үйленгеннен соң мен оның алдында ешкім болмай қалдым. Мені құрмет қылмай, әйелін құрмет қылды. Менің тілімді алмастан, әйелінің тілін алды. Бір де бір рет менің сөзімді тыңдамайтын, әйелінің бір айтқанын істейтін.

Бұл менің жүрегіме батты. Мен ұлымды қандай қиыншылықтармен өсірсем, үйлендірсем, ол мені әйелінің алдында қорлады. Мен балама наразымын, - деді ана.

- Разы болыңыз ұлыңызға, кешіріңіз ұлыңызды, - деді Пайғамбарымыз (с.а.у.).

- Разы болмаймын, көңілімді қалдырған, - деді анасы.

Сол кезде осы оқиғаға куə болған Пайғамбарымыздың (с.а.у) қасындағы серіктері көздеріне жас алып, Аллаға: «Ей, Аллаһым, Алқаманың анасының жүрегін жұмсарта гөр», - деп дұға қылды. Пайғамбырымыз (с.а.у.): Әй, Біләл, алаңға адамдарды жинаңыз. Алаңға от жағыңыз, сол адамдардың алдында Алқаманы алып шығып, отқа жағамыз», - деді.

Бұл сөзді естіген Алқаманың анасы:

- Не дедіңіз? - деп орнынан қарғып тұрады. Ұлының азаптанып өлетінін естіген ана:

- Менің баламды неге өртейсіздер? - дейді.

- Егер сіз балаңызға разы болмасаңыз, балаңыз тек қана бұл дүниеде емес, о дүниеде де отта жанады. Сізді разы қылмапты, оның оқыған намаздары, тұтқан оразалары, Аллаһ жолында қылған соғыстары, істеген қайырымдылықтары, барлық сауап істерін Алла қабыл етпейді, - деді Пайғамбарымыз (с.а.у.).

Алқаманың анасы мәселені түсініп, аналық мейірімі оянып, жүрегі жұмсарды.

- Ұлым маған жақсылық жасамаған болса да мен оған разымын. Ұлымды Аллаһ Тағала кешірсін. Өртемеңіздер менің ұлымды. Егер керек болса, мені өртеңіздер. Міне, сіз куә болыңыз. Ей, Аллаһтың Елшісі, осы жерге жиналғандар куә болсын. Ұлыма разымын, - деді ана.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Ей, Біләл, Алқамадан хабар алыңыз, - деді. Біләл Алқаманың үйіне кірместен ол «Лә илаһа иллаллаһу Мухаммадур расулаллаһ» - деп жан тапсырған екен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның денесін жууға өзі қатысты, кебіндеді, қабірге қойғаннан кейін жамағатқа қарап:

- Әй, жамағат! Мен деп Меккені тастап келген мүһажирлер, менімен бірге келген мүһажирлерге өз үйінен жай берген аңсарлар, мединеліктер. Осыны жақсы біліңіздер, естеріңізден шығармаңыздар, менімен әрдайым бірге жүрген болсаңыз да, намаз оқыған болсаңыз да, күндіз-түні Алла жолында ғибадатта болсаңыз да, хажылық қылсаңыз да, бұлардың еш біреуі қабыл болмайды, егер ата-анаңызды ренжіткен болсаңыз, - деді Пайғамбарымыз (с.а.у.).

Халифа Алтай атындағы ШҚО орталық мешіті

Следующая →
Тақырыптар: Анаңның разылығы