Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жедел жәрдем станциясының болашағы

Облыс әкімі Өскемен жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының жағдайымен танысып қайтты

Жаңа көлікжай салу, автокөліктер алу, кір жуу орталықтарын қайта іске қосу сұрақтарына ден қойған облыс әкімі аурухана кешенінің болашағы туралы пікірімен бөлісті.

Станцияның бас дәрігер Марат Ластаев кезінде бүкіл Шығыс өңірінің емделу орталығы болған ауруханалар кешенінде орналасқан станцияны толықтай таныстырып өтті. Қазір станцияда 32 бригада жұмыс істейді.

- Кейбір көліктердің зембілдері ыңғайсыз. Біраз көліктер биік болғандықтан көлікжайларға сыймайды. Сонымен қатар көптеген автокөліктер газбен жүретіндей етіп түрлендірдік, - дейді Марат Ластаев.

Аталмыш станцияда кір жуатын орын бар. Өңір басшысы денсаулықсақтау басшыларына бұл мекемені қайта жандандыру керектігін ескертті. Бұл қадам біршама қаражатты үнемдеуге себепші болады.

- Көлікжай жаңа жоба жасауды талап етеді. Кейін қаржы бөлініп көлікжай салсақ, дәрігерлеріміздің елеулі мәселелері шешімін табады, - дейді Даниал Кежетайұлы. - Медицина көліктердің жағдайларын бақылап, тексеріп өткен соң, жаңа заманауи шетелдік медицина көліктерімен қамтамасыз ету сұрақтарын қолға аламыз.

Өңір басшысы сонымен қатар ауруханалар кешенінің болашағына қатысты сұрақтарға да жауап қатты.

- Ауруханалар қалашығына қателеспесем 280 млн теңге бөлінген болатын. Мұнда бірсыпыра медицина мекемелерін, оның ішінде тері венерологиялық ауруханасын және бірнеше өзге кешендер көшіріледі, - деді Даниял Ахметов. - Барлығы ескі екені рас, бірақ жер жетеді, жаңа құрылыс нысандарын жүргізуге болады. Қаржыландыру сұрақтары бойынша шешім табылу керек.

Айдос Мырзаъметов

Следующая →