Вокзалдарда тексеру жүреді
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап еліміздің барлық вокзалдарында жүкті тексеретін болады
Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарлату және антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іске қосылатындығын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Яғни, Қазақстанның 16 теміржол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі енгізіледі.
- Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең-кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексеру кешені сатып алынды, - деді "ҚТЖ ҰК" АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы Департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.
Осы орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала ертерек келу қажет.