Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қарлы күні жолдарға асфальт төсеген

Қарлы күні жолдарға асфальт төсеу жұмыстарын жүргізгендер жолдың сол бөлігін қайта жөндейді

Өткен жылдың қараша айында Секисовка – Шемонаиха тас жолына қардың үстінен асфальт төселіп жатқаны түсірілген видео ғаламторға тарап, халықтың наразылығын тудырған еді. Сол аумақтағы жол жөндеу жұмыстарымен айналысқан мердігер компания ол олқылықтың орнын толтыратын болды.

- 4 қараша күні «Семей жолдары» мердігер компаниясы тапсырыс берушімен келісім жүргізбей, қарлы күні асфальт төсеу жұмыстарын жүргізген, - дейді «Шығысжоллаборатория» РММ директоры Нұржан Жұмаділов. – Жүргізіліп жатқан жұмыстар бейнеленген видео ғаламторға тарап кетті. Осылайша жалпы облыстағы жол жөндеу қызметінің атына нұқсан келтірді.

Дәл осы компания Семейде де жаңбырлы күні жол жөндеу жұмыстарын жүргізген. «Семей жолдары» мердігер компаниясы облыстық жолаушылар көлігі басқармасына бұл олқылықтардың орнын толтыру туралы кепіл хат ұсынған. Яғни, биыл сол аумақтағы жолдар қайта өңделіп, төселетін болады.

Азамат Нұрболатұлы
Следующая →