Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қоғамдық қабылдауға Парламент мәжілісі депутаттары қатысты

ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Александр Суслов пен Василий Олейник «Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдау барысында облысымыздағы көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелер талқыланды. Ұзақ мерзімді бақылау мен қадағалауға тұрарлық сұрақтар халық таңдаулыларымен ескеріліп, жергілікті басқару органдарының аясында қаралса, кейбірі министрліктердің талықысына дейін жететін болды.

Біздің мәселе біздің ауылды қалаға қосқаннан бері, қалаға қатынасар көлігіміз жоқ. Біздің жалғыз сенер көлігіміз Қасым Қайсенов кентінің автобусы, - дейді 23 ықшам ауданының тұрғындары. - Қалада оқитын балаларымыз мектептеріне жете алмай қалады. Қалаға жатса да ауылымызда инфрақұрылым жоқ. Қасым Қайсеновтон таңертен автобус лық толып келеді. Балалардың онда сыйюы да неғайбіл. Автобусқа отыру үшін олар 4 шақырым жерді жүріп өтеді. Жарықтандыру сұрақтары да көп көтерілген болатын. 24 жылдың ішінде, суға әрең қол жеткіздік. Бұдан өзге ештеңеміз жоқ.

Тұрғындар әкімді ауылдарына шақырып, көше қараңғылығына да таң қалған екен. Тұрғындар түнде қолшаммен жүретін көрінеді. Түсте оқитын балалар ымырт түсе қайтатындықтан ата-аналар алаңдаушылықтарын білдіріп отыр.

Бір автобус болса, барлығы сыйя ма деген Александр Сусловтың сұрағына тұрғындар сыйатынын, бірақ олардың әртүрлі мектептерде оқитындарын айтты.

- Бұл сұрақ жергілікті деңгейде шешілу керек, сондықтан бұл сұрақты қадағалауымызға аламыз. Қажет болған жағдайда облыс әкіміне де кіріп шығамыз, - деді Виталий Олейник.

Оптокмиелит дертіне шалдыққан Перизат Әубәкірованы өскемендіктер жақсы танитын болар. ҚАЕУ студенті болған жас қыз ауыр дертке шалдыққан болатын. Осыған дейін, еуропа дәрігерлері қыздың жазылып кететіне үміт білдірген болатын. Бірақ қаржы тапшылығы қыздың емделу қарқынын тежеуде.

- Қызымның кеселге шалдыққанына 4 жыл болды. Біздің медицина баламыздан бас тартты. Себебі, қызымның ауруының алдында олар әлсіз келеді. Сондықтан әлемдік клиникаларға хабарластық. Қазір Мәскеу клиникасына тоқталдық. Сондықтан қаржылай көмек керек. Жан жақты коғамдық көмек те сұрадық, қаражат аз түседі, - дейді Мұратбек Әубәкіров.

Виталий Олейников бұл сұрақтар бойынша Денсаулықсақтау және әлеуметтік қолдау министрлігіне хат жазу арқылы қолдауға қол жеткізіп көретіндерін айтты.

Айдос Мырзахметов
Следующая →