Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Оқушылар сарайы жаңа ғимаратқа көшеді

Қазіргі таңда облыс орталығында мектеп тапшылығы бар. Бар мектептердің барлығы толық, жаңасын салуға жер жоқ

Сол себепті де №3 орта мектептің бұрынғы ғимаратында ашылған оқушылар шығармашылық сарайы қайта жаңа мектепке айналады. Ал оқушылар шығармашылық сарайы үшін 19-шағын ауданнан жаңа ғимарат салынбақ.

- 19 шағын ауданды басқаша жасап, қаланың екінші орталығына айналдыру керек, - дейді облыс басшысы Даниал Ахметов. - Ол жерде саябақ зонасы да болады.

Облыс басшысы жаңа нысан мүлде басқадай болсын деп нұсқау берді. Яғни, балалар ешқандай ақысыз қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болып, мәдени тұрғыдан дамуға үлес қосуы керектігін алға тартты. Сонымен қатар, ол барлық әлемдік талаптарға сай болуы керек. Одан өзге, Даниал Кенжетайұлы оқушылар шығармашылық сарайын қалалық әкімшілік ғимаратын салуға сол жағалаудан бөлінген орынға салуды ұсынды.

- Қала әкімі менімен келіседі деп ойлаймын, - деді облыс әкімі. – Қалалық әкімшіліктің қазіргі ғимараты да жаман емес. Ал балалар жаңа шағын ауданда жаңа заманауи ғимаратқа ие болады.

Айта кетейік, қалада жаңа білім ошақтарын салатын жер жетпей жатыр. Согра ауданында да мектеп салатын жер болмағандықтан, билік басындағылар жол тауып, Жаңа Соградағы мектептің жанына жапсарластыра құрылыс жүргізуді шешкен. Әзірге бұл жоба келісілуде. Ал әрқайсысы мың орындық екі мектептің құрылыс жұмыстары Ахмер ауылы мен 19-шағын ауданында биылдан басталатын болады.

Назерке Кәрімова
Следующая →