Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жол ақысы 90 теңге болуы мүмкін

Тасымалдаушы компания басшылары Қалалық Қоғамдық кеңеске бұл жолы жол ақысын 90 теңге деп бекітуді сұрап отыр

Өскемендегі қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы қайтадан талқыға түсті.

Тасымалдаушы компания басшылары Қалалық Қоғамдық кеңеске бұл жолы жол ақысын 90 теңге деп бекітуді сұрап отыр. Бұл талап орындалмаған жағдайда қоғамдық көліктер өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жол ақысы 176 теңге болуы керек деп есептелген еді. Оған дизель отыны мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы бірден-бір себеп болып табылады.

- Біз өзге қалалардағыдай жол ақысы 90 теңге болсын дейміз, - дейді ШҚО Тасымалдаушылар ассоциациясының төрағасы Николай Масич. – Өйткені қосалқы бөлшектердің екі есеге қымбаттағаны барлығына мәлім. Жаңа автобустардың бағасы 100 мың доллардың айналасында. Сонымен қатар, тасымалдаушылар кадр жетіспеушілігі сынды мәселемен де бетпе-бет келіп отыр.

Тасымалдаушылар егер осы баға бектілсе, жеңілдіктерді сақтап қалуға уәде етуде.

- Әзірге оқушылар мен зейнеткерлер (70 жастан асқан) үшін жеңілдетілген бағаның қандай болатындығы белгісіз. Бұл жақын күндері өз шешімін табады, - дейді Николай Владимирович.

Ал Қоғамдық кеңес мүшелері егер тасымалдаушылар бірқатар талаптарды ұстанатын болса, бұл ұсыныстарына қолдау білдірмек.

- Біріншіден, қазір бар жеңілдіктерді сақтау. Оның ішінде оқушылар мен зейнеткерлер үшін жасалған жеңілдіктер қазіргіден кем болмауы керек, - деді Қоғамдық кеңес төрағасы Станислав Каримов. – Екіншіден, тасымалдаушылар тым болмаса екі ай көлемінде осы жол ақысын сақтап, кейін біртіндеп көтеруі керек.

Жол ақысына қатысты дау әлі де бір арнаға түсер түрі жоқ. Депутаттар егер осы тарифті мақұлдаған жағдайда тасымалдаушылар сақтап қалатын жеңілдіктерді нақты көрсеткен жағдайда ғана мәселе бір жақты болмақ.

Назерке Кәрімова
Следующая →