Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әр заңсыз әрекет үшін жауап беруге тура келеді

Өскеменде электр сымдарын тартып берген қызметкерлер ол үшін қызмет алушылардан ақы талап еткен

Ахмер ауылында жаңадан салынып жатқан тұрғын алабының инженерлік коммуникацияларының құрылысы Өскемен қаласы әкімдігімен орындалуда. Ауылдың жаңа қатар түзеп келе жатқан көшелерін бірте-бірте мемлекеттік жарықтандыру жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Яғни, бұған дейін әр үй қосылып отырған жеке трансформатор болмайды, халық та жарық үшін екі есе ақы төлемейтін болады. Бұл ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Өйткені ай сайын бес мың теңгеден кем төлемейтін тұрғындар жарық ақысы қалталарына едәуір салмақ түсіріп отырғандығын айтады.

- Мемлекеттік жарық қосылып, бекітілген мөлшермен ғана төлеп отырсақ жақсы ғой. Жеке трансформатор болғандықтан иесі өзіне керекті тарифті қойып, оның үстіне тағы қосымша мың теңге алып отыратын. Бұл әрине кімге болса да оңай емес. Қазір барлығымыз да құжаттарымызды жөндеп, жеке трансформатордан мемлекеттік жарықтандыру жүйесіне қосылып жатырмыз, - дейді Қойшыбаев көшесінің тұрғыны Жаухар Қалиякперова.

Көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізіп, діңгек тұрғызып болған қызметкерлер енді құжаттарын жөндеп, арнайы шот аштырып, рұқсат алған әр үйді қоса бастаған. Алайда, тұрғындар бұл қызметкерлер осы жұмыстары үшін қосымша қаржы талап ететіндіктерін айтады. Яғни, жеке трансформатордан мемлекеттік жарықтандыру жүйесіне сымдарды жалғау үшін электршілер екі-үш мың теңге сұрайды екен. Ахмер ауылына қызмет көрсететін Солжағалау аудандық электр жүйелері компаниясындағылар тұтынушы бұл жұмыстар үшін ақы төлемейтіндігін алға тартады.

- «ШҚ АЭК» тұтынушыны жарық жүйесіне қосу бойынша жұмыстарды тұтынушы электрмен жабдықтауға шарт жасасқан энергиямен жабдықтаушы ұйымнан келіп түскен өтінімнің негізінде жүргізеді. Осы жұмыстар үшін тұтынушы ақы төлемейді, - дейді «ШҚ АЭК» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Р. Карманов.

Сонымен қатар, басқармадағылар электр қондырғыларын пайдалануға енгізбес бұрын Сараптама ұйымы электр қондырғыларына сараптама жүргізетіндігін ескертеді. Электр қондырғыларын орнату, техникалық пайдалану және техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тұтынушыда орындалған монтаж жұмыстарының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының актісін бергені үшін тәуелсіз сараптамалық ұйым ақылы қызметтер көрсетеді.

Айта кетейік, осындай жағдайға тап болған ауыл тұрғындары Шоссейная көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Солжағалау аудандық электр жүйелері компаниясына барып, арыз жазулары керек. Ондағылар түскен арыз негізінде сол көшеге қызмет көрсеткен азаматтарды анықтап, тиісті шара қолданатындықтарын айтады.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →