Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтауда өртенген базардың саудагерлеріне көмек берілмек

Өртеніп кеткен Ақтау базарының саудагерлеріне материалдық көмек берілетін болды. Контейнері отқа оранған кәсіпкерлерге базар басшылығы 300 мың теңгеден бермек. Жалпы, 119 адамға көмек көрсетіледі

Ал өрттің шығу себебін анықтау жұмысы жалғасуда. Тергеушілер арнайы сараптама тағайындап, соның қорытындысын күтіп отыр, деп хабарлайлы «КТК телеарнасының сайты».

 Базар қожайыны сараптамаға қажетті заттар алынған соң бірден күл-қоқысты тазартып, сауда орнын қалпына келтіруге кіріспек. Сондай-ақ, бүгін саудагерлердің бірде-бірінің тауарын сақтандырмағаны белгілі болды. Ал келісім-шартта мүліктің сақталуына жалға алушының өзі жауапты деп көрсетілген. Соған қарамастан базар басшылығы саудагерлерге қол ұшын созып, оларды қайткенде де жұмыс орнымен қамтамасыз етуді мойнына алды.

Бауыржан Сапа, Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

–        Мемлекет тарапынан қандай да бір шығындар өтелмейді. Келіссөздер жүргізгеннен кейін меншік иесі алдын-ала материалдық көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Ақтау қаласындағы базар басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Олар уақытша сауда орындарын беруге дайын екенін айтты.  

 

Следующая →