Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бала күлсе, бақыт құлағын түреді

Бөбек үйіндегі бес жасқа дейінгі балалар Жаңа жылға арнап нағыз театр қойылымын ұйымдастырды

«Мамандандырылған Бөбек үйінің» директоры Гүлнар Даняированың айтуынша соңғы бес жылда бөбек үйінің балалары екі есеге азайған.

- Мерекеге екі үш күн ғана қалды. Бұл мереке балаға да, ересек адамдарға да ерекше болып қала бермек. Балалар жаңа жылда жанұяларын тапсын деп тілеймін. Ата-аналарымен болсын. Бұрынғы және жаңа демеушілерімізге алғысымды білдіргім келеді, - дейді Гүлнар Боранғалиқызы. - Жаңа жылда өздеріңе қымбат дүниелерді табыңыздар, оларды сақтаңыздар, көптен күткен армандарыңа жетіңдер, өткенді жібере отырып, көңіл кірбеңіндегі келеңсіздіктерді ұмытып, араларыңызда наразылықтарыңыз болса кешіре біліңіздер деп тілеймін.

Жаңа жылдық қысқаша қойылым шынайы кескінін тауып, келген қонақтарды қуанышқа бөледі. Балалардың мүдірмей айтқан тақпақтары, өлеңдері мен билері ересек қауымды шынайы сүйсіндіре алды.

- Балалардың барлығы өнерлі, - дейді Бөбек үйіндегі тәрбиешілердің бірі. - Әртүрлі жанұялардан келеді, тұйықтары да болады. Біз олармен жұмыс істейміз, көз алдымызда ашалап жатады. Мысалы Ваня Штро ән айтады, билейді, өлең оқиды, қазақ тілін де жетік меңгеріп алды. Ол не бары төрт жаста. Ғажайып бала, мұндай балалар бізде жетерлік.

Өскемендегі бөбек үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар да тәрбие тәлімін алуда. Осыған орай «Прозрение» көз микрохирургия сауықтыру орталығы бір миллион теңгеге сертификат сыйлады. 2017 жылы мекемеде логопед және жүре алмайтын балаларға арналған шынығу құралдары пайда болады. Сонымен қатар, тәтті таралғысымен бірге киімдер мен ойыншықтар алып келген демеушілер бүлдіршіндерді шынайы мереке әсеріне бөледі.

Дос Сапар
Следующая →