Сіз Аяз атаға хат жолдадыңыз ба?
Жаңа жыл басталып қойса да, "Қазпошта" АҚ-ның "Аяз атаға хат" акциясы әлі де жалғасын табуда
Бұл жылы сақалды жаңажыл сиқыршысы тұрғындардан 1736 хат алды. Компания арасында айтылып жүргендей, хат иелерінің көпшілігі мерекеге техникалық жаңа смартфондар, планшеттер мен ноутбуктер алғылары келетінін білдірген. Келіп түскен хаттардың 900-і аталмыш гаджеттердің бірін сұраған. Екінші орында теледидарда жарнамаланатын ойыншықтар, яғни, радиобасқарулы көліктер мен конструкторлар.
Бірақ олардың арасында ерекше дүниелерді сұрағандар да болды. Мысалы Зырян қаласының тұрғыны, 4-ші сынып оқушысы Никита Аяз атадан не компьютер емес, не телефон, тіпті футбол добын да сұрамаған, қалағаны... шоколадты сусабын! Мұндай экзотикалық затты баланың не қылатыны түсініксіз, қалай болғанда да, ерекше шаш құралымен қамтамасыз ететін демеуші әлі табылған жоқ.
Өскемен қаласындағы жеті жасар Вадим да қымбат гаджеттер мен ойыншықтар сұраған жоқ, балалардың дәстүріне айналған тәтті сыйлықтар да қызықтырмайтын көрінеді. Вадим Жаңа жылға құлағы мен құйрығы бар - тірі неміс овчаркасын сұраған.
Ал Қасым Қайсенов ауылының тұрғыны Сұлтан жаңа жыл қартына ұтымды түрде хат жазған екен. Ол Аяз атадан жай ғана 5000 теңге сұраған. Қызығы сол, аталмыш сыйлыққа да демеуші әзірге табылмады.
Бәрінен де ерекше хатты Риддер қаласының тұрғыны Евгения жазды. Алайда, хатта жасын көрсетпеген. Автор жаңажылдық сиқыршыдан қымбат гаджеттер мен шоколадты кәмпиттерді атамай, бірден ірімшік қосылған шелпек сұраған.
Аяз атаға хат жолдағандар 8-12 жас аралығындағы балалар. Өткен жылғыдай 2016 жылдың сиқырлы акциясы да Шығыс Қазақстанның ересек адамдарының ескеруінсіз қалған жоқ. Ересектер - үлкен балалар екені белгілі, алайда кейбірінің сұрағанын балалыққа жатқызуға да келмейтін көрінеді. Мұның айғағы ретінде, ағынан жарылып жазған автордың өзі үшін несиесін төлеп беруін сұраған хатын атауға болады. Дегенмен, шындығын ашып айтса да демеуші әлі табылған жоқ.
Мерекелік хаттардың ішінде жүрекке тиетіндері де баршылық. Өскемен қаласының зейнеткері Вера Аяз атадан жиналатын төсек орын мен таяғына тағатын тайғақ мұзға арналған тағынды сұраған.
Акция барысындағы жүректі елжіреткен хатттардың бірі, Өскемен
қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі Вероника Андреева атты қыздың оқиғасы болды. Вероника көптен бері ойыншық автокөліктерді жинаумен айналысып келеді. Бірақ жинағына өртсөндірушілердің көлігі ғана жетпей тұрды. Сұрағаны да сол еді, демеушісі бірден табылып, бірнеше күн ішінде әкеліп беретініне сендірді.
Қызығы сол, Қазпошта қызметкерлері Аяз ата болып киініп, сыйлықтарды шығысқазақстандықтардың үйлеріне өздері алып барады. Кейде демеушілер де өз қаражаттарына сатып алған сыйлықтарын табыс етуге қатысады. Бұл жолы акцияның демеушілік қолдаушысы болып Home Credit, Kazkom банкі, Alfa Bank, Forte Bank, VITA дүкендері және өзгелері де қатысты.
Айдос Мырзахметов
Следующая →

Тақырыптар:
Сіз Аяз атаға хат жолдадыңыз ба?