Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Білім ошақтарында ақылы қойылымдарға тыйым салынды

Енді мектептер мен мектепке дейінгі білім беру орындарында ақылы ойын-сауықтық шаралар өткізуге тыйым салынады

Өскемен қаласындағы білім бөлімінде хабарлағандай бұндай шешімді Ата-аналар қоғамдық кеңесі қабылдаған. Яғни, енді қаладағы мектептер мен балабақшаларда шақыртылған әртістердің қатысуымен болатын түрлі цирктік, театрлық қойылымдарға тыйым салынады. Сонымен қатар ата-аналар мен білім ошақтарының әкімшілігіне аниматорларды шақыруға да болмайды. Барлық шараларды мектеп ұжымы өз күшімен атқаруы керек.

Бұл ереже бір жағынан балаларды террорлық қауіптен сақтауға септігін тигізсе, бір жағынан ата-аналар бұның барлығы үшін ақы төлегісі келмейді.

- 2016 жылдың 30 қарашасында ШҚО Білім басқармасы Ата-аналар қоғамдық кеңесінің отырысы нәтижесінде ұсыным хат қабылданды. Оның негізінде білім беру мекемелері қабырғасында түрлі ақылы шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды, - деп хабарлады Өскемен қаласы білім бөліміндегілер.

Кейін балабақша меңгерушілеріне театр актерлерін шақыртуға болатындығы түсіндірілді. Өйткені бөбектерді оқушылар сияқты қойылым орындарына алып шығу қиындық тудырады. Алайда, балабақшаға қандай да бір әртістер шақырылатын болса, бұл жағдай міндетті түрде қалалық білім бөлімімен келісілуі керек.

Азамат Нұрболатұлы
Следующая →