Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Көпірдің құлау себебі анықталды

Облыстық прокуратура қызметкерлері жіті тексеріс жүргізіп, Өскемендегі ескі Ертіс көпірінің құлау себебін анықтады

24 қараша күні орын алған апат әлі де халықтың талқысында. Құрылысшылар ескі көпірді бұзу барысында көпір ортасынан сынып кетіп, бір бөлігі суға түсіп, екіншісі жоғары көтеріліп қалған болатын. Осы жағдайдан бір жұмысшы зардап шеккен болатын. Аталған іс Өскемен қаласы ішкі істер басқармасында ҚР ҚК 277-бабы бойынша тіркелді.

Облыстық прокуратура тексерістер кешенін жүргізіп, көпірді бұзу және жөндеу жұмыстарымен айналысқан мердігер ұйым "Рязанов атындағы Мостостроительный отряд №25" ЖШС-ның қауіпсіздік техникасы бойынша дөрекі қателіктерге жол беріп, еңбек заңнамасы нормаларын бұзғандығын анықтады.

Алайда, төтенше жағдай орын ала салысымен бірден жүргізілген техникалық сараптама көпірдің тіреуіші оны ұстай алмағандығын көрсеткен болатын. Яғни, діңгек 50 жыл пайдаланылып келгендіктен, әбден тозығы жеткен деп ұйғарылған болатын. Дегенмен, тәртіп сақшылары бұл оқыс оқиғаға мердігер ұйымның кінәлі екендігіне сенімді.

- Мердігер ұйым тарапынан бірнеше еңбек заңнамасын бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. – Яғни, қаупі жоғары бұзу жұмыстарын мамандар рұқсат қағазынсыз жүргізген. Сонымен қатар, құрылыс нормалары да қатаң сақталмай, құрылысшылар бұзу жұмыстарына сақтандыру белдігі мен арқансыз, арнайы киім мен аяқ киімсіз жіберілген.

Осы жүргізілген тексеріс нәтижесінде прокуратура бұзушылықты жою туралы шешім шығарды. Енді құрылыс компаниясы заң алдында жауапқа тартылады.

Нәзерке Кәрімова

Следующая →