Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қар мүсіндерінің байқауы өтті

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ОВ-156/2 түзету мекемесінде қар мүсіндерінен байқау ұйымдастырылды

Жаңа 2017 жылды қарсы алу мерекесіне орай ОВ-156/2 түзету мекемесінде, сотталғандар арасында қар мүсіндерінен байқау ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шараны мекеме басшысы әділет подполковнигі Қ.Ж. Жақсыбеков салтанатты түрде ашты. Қар мүсіндерінің байқауы жан-жақты бағалау мақсатында, мекеменің әкімшілік қызметкерлерінен тағайындалған арнайы комиссия мүшелері болды. Байқауға сотталғандардың қолынан жасалған әрбір жасақтан бір мүсіннен қатыстырылды, атап айтқандай: жылқы, тышқан, өгіз, жолбарыс, қоян, жылан, ешкі, мешін, әтеш, ит, доңыз секілді жан-жануарлардың мүсіндері әзірленді. Комиссия қортындысы бойынша бірінші орынды 1 жасақ сотталғандары өз қолдарымен жасалған жаңа 2017 жылдың белгісі «отты әтеш» жасап иеленді. Байқаудың екінші орынын «қоян» бейнесін мүсіндеген 11-ші жасақ сотталғандары еншісіне тиді, ал үшінші орынды «мешін» бейнесін мүсіндеген 9-шы жасақ сотталғндарына бұйырды. Байқаудың өткізілу мақсатында сай сотталғандар мүсіндерді бейнелеу жұмыстары кезінде барлық өздерінің түзету мекемесі қабырғасында үйренген бейнелеу әдіс шеберліктерін ортаға салып, аса белсенділік танытты. Күнделікті өткізілетін тәрбиелік жұмыстар арқасында, осындай іс-шаралардан сотталғандар өздерінің келешек өмірге деген құлшыныстарын арттырып, шабыттарын шыңдай тусуде жәнеде олардың ішкі жаң дүниесінің, мәдениетінің, әдептілігінің жақсаруына оң шешімін табатын іс-шаралар болып табылады. Аталған іс-шараға белсенділік танытып жақсы жағынан көзге түскен барлық сотталғандар мекеме бастығының тапсырмасымен марапатталды, ал үздік жасақ атанған жасақтар мақтау қағаздарымен марапатталды. Салтанатты марапаттаудан кейін, мекеме клубында жаңа жылдық мерекеге арналған мерекелік концерттік іс-шара өткізілді. Бұл концертте сотталғандар жаңа-жыл тақырыбына байланысты көңілді қойылымдар, ән-жырлар орындап, сотталғандадың жүрегінде жаңа жылда жаңа армандармен мақсаттарға қол жеткізу үшін отын жақты.

Осындай әсерлі өткізілген іс-шаралар арқасында сотталғандардың мінез-құлықтары, әдептіліктері артып, тәрбиелік жұмыстар алға өрлей түсүде.

ОВ 156/2 мекемесі

сотталғандар арасында

тәрбие жұмысы бөлімінің

бастығы әділет капитаны

 Р.С. Тулеубаев

Следующая →