«Астана Операда» «Ұрпақтан ұрпаққа» концерті өтеді
20 қараша күні «Астана Опера» астаналық театр сахнасында «Ұрпақтан ұрпаққа» концерті өтеді
Бұл күні әртістер Құрманбек жандарбеков, Күләш және Қанабек Байсеитовтар, Ғарифолла Құрманғалиев, Ришат және Мүслим Абдуллиндар және тағы басқа өнер саласының танымал тұлғаларын еске алатын болады.
- Бұл концерт арқылы біз өнердің шыңына жетіп, біздің бүгінгі шамшырағымызға айналып отырған, қазақ операсының қалыптасуындағы іргетасы болған әртістерге алғысымызды бірлдіргіміз келді. Бір жағынан бұл танымдық кеш болады. Қазіргі уақытта ХХ ғасырдың өнерпаздары ұмыт болып келеді және бұл дұрыс емес. Өйткені солардың арқасында біздің өнеріміз дамып отыр. Олар біздің өнерді ел ішінде және сыртында дамытты, - деді концерттің авторы Долорес Умбеталиева.
Осылайша көрермендер «Біржан мен Сара» операсындағы Сараның ариясын, «Мадам Баттерфляй» операсындағы Чио-чио-сан ариясын тағы басқа туындылардың орындалуына куә болады. Сондай-ақ, көрермендердің алдына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибигүл Жанұсақ (сопрано), Медет Чотабаев (тенор), Талған Мұсабаев (баритон), Арменияның халық әртісі Барсег Туманян (бас) және өзге де өнерпаздар өнер көрсететін болады.
Фортепиано партиясын халықаралық конкурстардың дипломаты Долорес Умбеталиева орындайды.
Концерт 18.00 басталады. Билет бағасы – 2 000 теңге.