Тоқаев: «Күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде
Мемлекет басшысы келер жыл биылғыға қарағандай қиынырақ болуы мүмкін екенін айтты
ҚР Президенті ұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтып жатқанын атап өтті.
Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы. - Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін.