Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алдын ала есеп бойынша Тоқаевқа 6 жарым млн халық дауыс берген

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

Новости Казахстана / Политика в Казахстане / ЦИК РК заявил о предварительной победе Касым-Жонаурыз Токаева
Фото:
Устинка LIVE

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Қ. Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы жолы сайлау бюллетеньдерінде «Бәріне қарсымын» деген баған енгізілген болатын, осы бағанды 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

  • Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42%
  • Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6%,
  • Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53%,
  • Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22%
  • Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12%

Сонымен, нақтыланған сайлаушылар тізімдеріне сай, жалпы сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құрады. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Дауыс беру күні ҚР Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамдары, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылауды жүргізді. Сайлау учаскелерінде 1225 қазақстандық БАҚ өкілдері, 23 елдің 41 шетелдік БАҚ-тың аккредиттелген журналистері ақпарат таратты, - деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

Следующая →