Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Ақерке Рағызбаева
Ақпарат көзі:
tengrinews.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі: министрлердің орташа жасы 45,7 жас

2019 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық министрліктер басшыларының орта жасының төмендегені байқалады

Новости Казахстана / Политика в Казахстане / Агентство по делам госслужбы РК: средний возраст министров 45,7 года
Фото:
parlam.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі министрлердің, әкімдердің және олардың орынбасарларының орташа жасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews редакциясының сұрауына жауапта, агенттік елдегі мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 2022 жылы 39,7 болғанын хабарлады. Бұл үш жыл бұрынғыға қарағанда аздап жоғары (2019 жылы 39 жас). 

Бұл ретте министрлердің, олардың бірінші орынбасарлары мен басқа да орынбасарларының орташа жасы биыл 45,7 болды. Соңғы үш жылда министрлер бір жылға дерлік "жасарды" - 2019 жылы 46,6 жас болған. 

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің және олардың орынбасарларының орташа жасы биыл - 48. Министрлердің арасында ең жасы - ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. Ол 38 жаста. Өңір әкімдерінің ішінде ең жасы Шымкент қаласының 40 жастағы әкімі Мұрат Әйтенов.

Министрлер кабинетінде ең үлкені - индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен ІІМ басшысы Марат Ахметжанов. Олар 57 жаста. Өңір басшылары арасында жоғары буын шенеуніктерінің ең үлкені - ШҚО әкімі Даниал Ахметов, ол 67 жаста. 

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы ел халқының орташа жасы 2022 жылы 31,8 жас болғанын хабарлады.

Следующая →