Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Алена Светлова
Алена Светлова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Шығыс қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Ермек Омарбеков тағайындалды

Ол бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК директоры қызметін атқарған.

Ермек Сембайұлы 1968 жылы 16 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Педиатрия және қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1993 жылы Үлкен Нарын аудандық ауруханасында педиатр-дәрігер болып бастаған.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Катонқарағай аудандық міндетті медициналық сақтандыру филиалының директоры болды. Әрі қарай Катонқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері және бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылға дейін Катонқарағай аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымында еңбек етті. 2005 жылдан бастап Катонқарағай ауданының "№1 медициналық бірлестігі" КМҚК бас дәрігері, директоры болды.

2010 жылдан бастап Өскемен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2014 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының "№4 қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігері болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК директоры болып жұмыс істеді.
Следующая →